Неліктен бала тілі кеш шығады?
Байқасаңыздар, бала бір жаста «ата», «апа» деп сөйлей бастайды. Негізі, бұл жаста балалар он шақты сөзді айта бастауы қажет. Баланы сөйлету, сөздік қорын дамыту ата-аналардың олармен көбірек сөйлесуі нәтижесінде пайда болады. Сәбидің тілі «га-га», «гу-гу» деп шыға бастағаннан-ақ көңіл бөліп, дамуына бейжай қарамау керек. Меніңше, бүгінде тіл мүкістігінің басым көпшілігі туабіткен кемістіктен пайда болып жатқан жоқ. Қазір ата-аналардың уақыт тапшылығын сылтау қылып баланы дамытумен айналыспайтыны рас. Бұрын ата-әжелер баланың әрбір қылығына ерекше мән беріп, оларды сөйлететін. Ал, қазір балалар ата-әженің емес, түрлі гаджеттердің тәрбиесіне үңілетін болды. Көбінде, ата-аналар баласына түрлі дәмді тамақтар беріп, жылтыраған киімдер кигізіп, қажетті заттарын сатып әперіп, материалдық жағынан толықтырып отырсам, оның жағдайын жасадым деп ойлайды. Үйде күндіз-түні теледидарға телміртіп қояды. «Жыламаса болды» деседі. Ал, шындығында олар бұл әрекеті арқылы жас ұрпаққа рухани азық беруде олқылық танытады. Бүгінде тіл мүкістігінің көбейгені осының салдары деуге болады. Өзім жұмыс жасайтын білім ордасында бастауыш сынып оқушыларының арасында тілінде ақауы бар балалар аз емес. Олармен жекелей жұмыс жасап, жүйелі жаттығулар ұйымдастырып келеміз. Әсіресе, мектеп директоры Ләззат Нәлібаева осындай балалардың болашағына алаңдап, үлкен қалалардан түрлі құрал-саймандар, арнайы оқулықтар алдырып, жұмысты жүйелендіруде.
Өткен аптада мектептің психолог мамандарымен бірігіп «Ғажайып әлем» атты шара өткіздік. Онда жан дүниені танып білу, әр жүректе жасырынған сырды ақтару, іште айтылмай жүрген құпиялармен бөлісуді негізге алдық. Сонда байқағаным, баланың жан дүниесін терең түсініп, өзіңе жақын тұтып, әңгімелесетін болсаң, баланың бойындағы бұрын-соңды көрінбеген қасиеттерін байқауға болады. Міне, осы мақсатта күнделікті жұмыс барысында тілінде ахауы бар балалармен тыңғылықты жұмыс жасап келеміз. Негізі, баланың алғашқы сөзі бір жастан асқан соң шығуы тиіс. Бұл баламен нағыз жұмыс жасайтын кез осы тұс. Осыдан кейін алғашқы айтқан сөзін үнемі қайталатып айтқызып, өзіне назар аударған соң бала адамдардың ерніне қарап, мимикасына еліктеп, қайталап үйренеді.
Егер бала 2-3 жасында нашар сөйлесе немесе 3-6 жасында баланың сөзі түсініксіз болса, сөйлем құрылымы дұрыс емес болса, міндетті түрде логопедке қаралған дұрыс. Сондай-ақ баланың сөздік қоры жасына сай келмесе, сөзінде етістіктерді, сан есімді, сын есімді сөздерін аз қолданса, сөзінде байланыс болмаса, өлеңдерді нашар жаттаса ата-ана ертерек қамданған дұрыс.
Менің негізгі мамандығым акушер саласы. Еңбек жолымды аудандық балалар бөлімінде мейірбике, одан әрі жылдан перзентхана бөлімінде аға мейірбике қызметіне ауысып, бірнеше жыл абыроймен атқардым. Сонда белгілі педиатор Ханзада Байниязова басқаратын балалар бөлімінде балалармен жұмыс жасадық. Жасы 3-4-ке келген балалардың өзі сөйлеуге шорқақтап, айтатын ойын іс-қимылмен білдіретін. Одан перзентхана бөліміне ауысқанда, іңгәлаған сәбилердің ортасына келдім. Нағыз періштелердің мекені. Онда уақыт таңдамай іңгәлаған сәби дүние есігін ашып, жарық дүниемен қауышады. Менің балаға деген махаббатым осы киелі орыннан басталды.
Менің балаға деген махаббатым осы киелі орыннан басталды. Онда перзентхана меңгерушісі, Руслан Садықов әрі білікті дәрігерлер Сәуле Бектұрғанова, Бибмариям Исаева, аға акушерлер Тұрсынай Сейдеметова, Жанар Боранбаева, Айдана Балғабаева, Гүлдана Тұрлыбекова және осы перзентхананың барлық мейірбикелері әр баланың денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарап, жіті қадағалайды.
Адам мамандығын жақсы көруі тиіс, сосын ізденіспен ұштап, еңбектенуі тиіс. Сонда ғана кәсіби маманға айналады. Өзімнің балалар ауруханасынан басталған жұмысым бірнеше жылдық тәжірбиемен ұштасып, мені логопед-дефектолог маманы болуыма ықпал етті. 2017 жылы Қорқыт ата атындағы университетіне оқуға түсіп, дефектолог, психолог, логопед мамандығын игеріп шықтым. Бүгінде өз ісімді ерекше ықыласпен, үлкен жауапкершілікпен атқарудамын. Өйткені балалармен жұмыс жасау – өмірдің мәні.
Жұлдыз Әбсаттарова,
№286 орта мектептің дефектолог-логопед маманы