№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кемел ұрпақ кемшіліксіз өсуі керек

Кемел ұрпақ кемшіліксіз өсуі керек

Жеке кәсіпкерлік – бүгінгі күннің талабы. Осы орайда жас кәсіпкерлер арасында ұйымдастырылған инновациялық және перспективалық жоба байқауының I орын иегері «Аяла» түзете дамыту орталығының меңгерушісі Мадина Әбибулламен тілдескен едік.

 – Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Өзім осы логопеддефектолог мамандығын оқып бітіріп, орталық ашуды жөн көрдім. Жолдасым Еламан Достиярұлы екеуіміз 2017 жылы осы Логопедиялық орталықты аштық. 2021 жылы «Аяла» түзету дамыту орталығы болып қайта құрылып, қазір орталықта психолог, логопед, массажист, афк тренер мамандары жұмыс жасайды. Барлығы да білікті мамандар, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында өз білімдерін шыңдап келеді. Орталығымызда Дислалия, Дизартрия, тұтыкпа, ЗПР, ЗПРР, аутистік спектр бұзылысы бар балалармен жұмыс жасаймыз. Қазіргі таңда 15 шақты бала бар. Алдымен невропотолог дәрігерден кеңес алып, содан соң біздің орталыққа келіп балалар диагнозына қарай ем алады. Балалармен жиі жұмыс істеуге тура келетіндіктен, олармен ортақ тіл табыса білуіміз маңызды. Жалпы логопед маманы тіл кемістігі бар, яғни белгілі бір дыбысты дұрыс айта алмау, тұтығу секілді балалармен де, ересектермен де жұмыс істейді. Бізде көп балалы отбасыларға, бір жанұяда 2 бала болған жағдайда жеңілдіктеріміз бар, -дейді ол.

Жалпы логопед мамандығына қоғамда зәрулік жоқ емес. Өйткені көптеген балалар кейбір дыбыстарды айта алмайды. Логопед оларға дұрыс және әдемі сөйлеуге көмектеседі. Әр логопедтің жұмысы асқан шыдамдылықты қажет етеді. Сенімсіз пациеттерге күн санап жаттығу жасату тек өз дегенінен қайтпайтын, табанды маманның ғана қолынан келеді. Тіпті олар ата-аналардың өздері де түсіну қиын балалармен де жұмыс жасайды.
Бұл орайда маман: Менің жұмысымның маңызды сәті-баламен қарымқатынастың алғашқы күндерінде де жағымды эмоционалды байланыс орнату. Логопедтің жұмысы оңай болып көрінгенмен, күшті теориялық дайындықты, бірінші кезекте сөйлеу дыбысын келтіру тетігін және сөйлеу патофизиологиясын білуді талап етеді. Жалпы логопед маманы тіл кемістігі бар, яғни белгілі бір дыбысты дұрыс айта алмау, тұтығу секілді балалармен де, ересектермен де жұмыс істейді. Алдымен, маман тіл кемістігінің себебін анықтайды. Ол үшін ауыз қуысындағы сөйлеу аппаратының қалай орналасуын, дыбыстардың қалай шығатынын, дауысы қалай шығып тұрғанын білуі керек. Логопед маманы әр адамға өз бетінше пайдалы жаттығуларды таңдап алады. Осы жұмыстың барлығына жарты жыл немесе одан да көп уақыт кетеді. Бір дыбысты дұрыс айтқанда немесе қиын сөзді айтып үйренсе соның өзі қуаныш.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ кімде – кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өзіне де қоғамға да үлкен пайдасы тиеді.

Әсел Ибрагимова


в
08 шілде 2023 ж. 224 0