Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғам дертімен күрес тоқтамайды

Қоғам дертімен күрес тоқтамайды


Адамзат қоғамында жемқорлықпен күрес негізгі мәселелердің біріне айналды. Елдің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуына үлкен кедергі болып тұрған індетті жою шаралары қай кезде де өзекті. Сыбайлас жемқорлық көріністері – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті індет десек артық болмас. Ең сорақысы, осы келеңсіз құбылыс келешек ұрпақ тәрбиесіне де теріс әсер ететіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұл дертпен күресті күшейтуді тапсырып келеді. Оның ішінде құқықтық сауаттылықты арттыруды нысанаға ала отырып, әрбір азаматтың заңды білуіне мүмкіндігінше жағдай жасалуы керек. Бұл ретте, сыбай­лас жемқорлық көріністерін азайту мақсатында басты бағдарламалық құжат болып табылатын “Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын” негіз етіп алуға болады. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың ұлттық тәжірибе тәсілдері жалпыхалықтық күрестің бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырыла­ды. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұрып және оны кеңінен насихаттау арқылы теріс әдетті жеңуге болады. Әлбетте, бірлесіп жасалатын бұл қылмысқа тосқауыл болуымыз керек-ақ. Өркениетті алға жетелейтін бағытты ұстанып, түрлі келеңсіздіктен сақтанып, болашаққа нық сеніммен қадам басуға ұмтылуға тиіспіз.

Нұрқасым СЕЙІТҚАСЫМОВ,
Қожамберді ауылдық округінің әкімі

30 қараша 2024 ж. 124 0