№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғам дертімен күрес тоқтамайды

Қоғам дертімен күрес тоқтамайды


Әлем бойынша жемқорлықпен күрес негізгі мәселелердің біріне айналды. Елдің экономикалық та, әлеуметтік те жағынан дамуына кедергі болып тұрған індетті жою шаралары өзекті. Ең сорақысы, осы келеңсіз құбылыстың ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Сыбайлас жемқорлық елдің болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, бұл індетпен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған әрбір Жолдауында аталған дертпен күрестің маңыздылығына ерекше мән беріп келеді. «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ» деген болатын Президент. Әсіресе дамыған мемлекеттер осы кеселден құтылудың тетігін іздеп, оған қарсы мәдениет қалыптастырудың жолын жүйелеуде.
Озық отыз елдің қатарына енуді көздеген біздің мемлекеттің де басты мәселесі сыбайластық дертін жою. Ол үшін мемлекеттік сананы нығайту керек. Ең бастысы мемлекеттік заңнамаларды жақсы білу әр адамның адал қызмет етуіне сенімділігін күшейтетінін ұмытпаған жөн. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында одан жалпы жұртшылықтың жиренуі күрестің қуатты құралына айналса игі. Осы ретте айта кетейік, қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Әйтпесе, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үдерісін, тежейтінін ойласақ, нақты қадамдар жасау керек-ақ. Сондықтан жемқорлықпен күрес кешенді түрде жүргізілуі керек.
Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Өз елінің болашағына алаңдайтын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінетін Қазақ­стан Республикасының әр азаматы бұл мәсе­ленің қаншалықты өзекті екенін сезінуі керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл суб­ъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төз­беушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дендемеуі үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.

Гүлнар Саркулова,
Жаңақорған аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы
21 қыркүйек 2024 ж. 445 0