Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлықты жеңуге болады

Жемқорлықты жеңуге болады


Қазіргі таңда еліміздің дамуына бірден-бір кедергі әрі үлкен мәселенің бірі, бұл – сыбайлас жемқорлық екені анық. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті індет десек артық болмас. Ең сорақысы, осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны, ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады.


Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, бұл індетпен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Тіпті, әлем назарын өзіне аударған қауіпті және өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша заң қабылданды. Осыдан кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі күшейтілгені белгілі. Яғни, атаулы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың заңдарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды тұлғалары мен басқа да адамдардың сыбайлас жемқорлыққа байланысын, құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Мемлекет басшысы алға қойып отырған осынау міндеттерді жүзеге асыруға, халық арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр. Құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайту мақсатында басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы негіз деуге болады. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қоғамдағы көкейтесті мәселеге айналған жемқорлық ел ішіне білінбей енетіндіктен елдің дамуына тежеу десек артық емес. Ал біздің оған қарсы қолданар қаруымыз – жан тазалығы.
Бұл індетті жою – ортақ міндетіміз. Жемқорлық қоғамға залалын тигізіп қана қоймайды, өміріңізді құрдымға жіберері даусыз.

Біздің елде адам құқы бәрінен маңызды. Бұл орайда сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алып келеді. Мемлетімізде жемқорлықтың пайда болу себептеріне жол ашатын факторларға негіз жоқ. Жұмысымызды барынша үйлестірумен қатар барлық құрылымдар мен бюджет қаражатын пайдалану құзыретіне қадағалау жасауда биік жауапкершілік шеңберінде жұмыс жасай отырып, қызмет барысында көлеңкелі артық әрекеттердің орын алмауына барынша мүдделілік танытып келеміз. Кез келген қоғам мүшесі үшін бұл мәселенің мәні зор.

Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Өз елінің болашағына алаңдайтын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінетін Қазақстан Республикасының әр азаматы бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін сезінуі керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дертті тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы қарсы тұруға болады.
Есіңізде болсын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұрсақ, жемқорлықты жеңуге болады.
Әлбетте, бірлесіп жасалатын қылмысқа тосқауыл болуымыз керек-ақ. Өркениетті алға жетелейтін бағытты ұстанып, артқа тартатын келеңсіздіктен сақтанып, болашаққа нық сеніммен қадам басуға тиіспіз.

Шынболат ШАМБИЛОВ,
Жаңақорған ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
бастығының міндетін атқарушы

20 ақпан 2024 ж. 272 0