Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Бұл дерт дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Президент Қасым –Жомарт Кемелұлы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Әр заманның, әр қоғамның өне бойына батпандап кіріп, мысқылдап шығатын дерттер болады. Жемқорлық – сол қоғамдық санаға сына қағатын қасірет. Бүгінде жемқорлық қоғамдық өмірдің көптеген тұсын жайлағаны жасырын емес. Жемқорлықпен күрес ымырасыз жүруі тиіс және бұл тек әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс», - деген болатын.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруларды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Халыққа жемқорлықтың теріс салдарын дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғы шарттары болып саналады.
Жалпы жемқорлық деген не? Жемқорлық – лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» заңы қабылданғаннан бері жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұндай індетпен күрес жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың ғана емес, тұтастай қоғамның, мемлекеттік органдардың басты міндеті болып қалыптасуы тиіс.

Жаңақорған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Ш.Айдарова
17 шілде 2024 ж. 204 0