Заң нормалары түсіндірілді
Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселе лердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізіді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Осындай келеңсіз құбылыс пен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
Жоғары басшылық тарапынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан әскери қызметшілер арасында жемқорлыққа жол беру фактілері орын алуда.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу мақсатында Шымкент гарнизоны әскери полициясының бастығы подполковник Жақсыбаев Алмас Тәжібайұлының төрағалығымен 2023 жылдың 13-қазанында Қызылорда облысының департаментімен және аудандардың әскери қызметшілерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сабақ өткізіліп, заң нормаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда подполковник Алмас Тәжібайұлы Республика аумағында орын алған Сыбайлас жемқорлықтың фактілерін әскери қызметшілерге мысал ретінде жеткізді. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп - өркендеп мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемелекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отырғанын айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру, оны насихаттау ісі де ұшан-теңіз септігін тигізеді. Әлбетте, бірлесіп жасалатын бұл қылмысқа тосқауыл болуымыз керек деді сөз соңында Алмас Тәжібайұлы.
Сондай-ақ әскери қызметшілерді өзінің және ұрпағының болашағына балта шаппай сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.
Нұрбол ЕСЕНӘЛИЕВ,
Жаңақорған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник