№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұрпақты тәрбиелеу ең игі істердің бірегейі

Ұрпақты тәрбиелеу ең игі істердің бірегейі


Фото: culture.ru
Студенттің тұлғасын қалыптастыру ісіне қоғамның барлық мүшесі қатысады. Адам адамға тән қасиеттерді тек қоғамда өмір сүрудің негізінде ғана алады. Өзінің қоғамда алған тәжірибесін адам өз өміріннің барысында қолданысқа енгізеді. Алайда адамның алатын тәжірибесінің барлығы да жеке тәрбиенің негізінде ғана тиімді іске асқан.

Адамзат тарихының барлық кезеңінің барысында тәрбие іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде адмзат тағдырын құтқарып келді. Бұл қоғамның барлық кезеңінде болып келді және осылай болып қала да береді, себебі әрбір қоғамның, әрбір кезеңінде сол қоғамға қажетті адамды, сол адамның көзқарасы мен дүниетанымын қалаптастыру қажет болады. Міне осы себепті қоғамның өмір сүру барысының барлық кезеңінде тәрбие адамдар үшін қажет.
Тәрбие процесі түрлі іс-әрекеттердің – оқу, қоғоғамдық-саяси, еңбек негзінде ғана іске асуына байланысты белгілі бір мақсаттар ұстанылуы қажет. Тәрбие мақсаты қоғамдық дамудың жолымен бірге өсіп – өркендеп отырмақ.
Тәрбие – бұл толыққанды жүретін процес. Адам жеке бөлшектерге бөлініп тәрбиеленбейді толық тұлға ретінде, жүйелі ықпалдардың негізінде тәрбиеленеді.
Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі, – дегенӘл-Фараби бабамыз. Өйткені ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, елдің тірегін қалыптастыру. Соныңішіндебалағаөнегелітәртіп пен құқықтық тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қазына.
Әрине, біз қашанда студенттерге жан-жақты құқықтық тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парыз дейміз. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде студент ретінде оқуға қабылданған соң, оларға көмекке куратор-эдвайзер келеді. Куратор-эдвайзер  студенттермен танысып университеттің жүйесімен таныстырып, білім алуларына бағыт бағдар беріп отырады. Әрбір студентке өз құқығымен міндеттерін, университеттің академиялық саясатымен таныстырып, кураторлық сағаттарын өткізеді. Биология және биотехнология факультетінің  Молекулалық биология және генетика кафедрасында 10-нан астам куратор-эдвайзерлер бар. Оларжылсайынжаңа келген студенттерді қабылдап алып, бағыт-бағдар беріп отырады. Университет деңгейінде, факультет, кафедра деңгейінде әр түрлі студенттер арасында мерекелік, рухани тәрбиелелік, спорттық, дәстүрлі кештер өтіп өтырады. Студенттер арасында неше түрлі сайыстар өткізіліп тұрады. Университет деңгейінде студенттерді 1 курсқа қабылдау, Жас таланттар, Қыз сыны, Жігіт сұлтаны, Наурыз мерекелері өткізіледі. Сонымен қатар, кафедра деңгейінде ақын, жазушылармен кездесу, шетелдік ғалымдармен кездесулер, әр түрлі тақырыптарда сайыстар өткізіліп тұрады. Студенттер бос уақытында кітапханага, кинотеатрга, спорттық шараларға, музыкалық шараларға арналған уйірмелер бар соларға қатысып өздерінің уақыттарын тиімді пайдаланады. Куратор -Эдвайзерлер студенттермен 24 сағат байланыста болады. Жағдайы төмен отбасыдан шыққан студенттерге, жетім балаларға, көп балалы студенттерге ай сайын асханаға тегін талондар беріледі. Психологиялық кеңестер берілетін арнайы кабинеттер бар, денсаулығы бойынша дәрігерлер қарап кеңестер береді. Студенттер уйы бар, онда жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге, көп балалы, жетім балалар, алтын белгімен бітіріп келген студенттер тұра алады.
Чунетова Ж.Ж.
Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
Биология және биотехнология факультетінің Б.ғ.к.,доценті 
29 қазан 2024 ж. 37 0