Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Егін алқаптарының ахуалы

Егін алқаптарының ахуалы


Жыл сайын су тапшылығының салдарынан аудандағы күріш көлемі азайып, диқан қауым барына қанағат етіп келеді. Есесіне әртараптандыруға бет бұрып, бақша дақылдарының көлемі екі есеге арты. Төрт түліктің жем-шөбінің де ахуалы тұрақталып, сауда нарығында бәсеке қалыптастыра алдық. Яғни, ауданның жоңышқасы Арал мен Қарабұлақ арасында үлкен сұранысқа ие. Ішкі экспорттың көкжиегін кеңейткен шаруаның тек күріштік жөнінен еңсесітүскен жайы бар. Өткен апта соңында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сыр еліне арнайы атбасын бұрды. Жұмыс сапарымен келген министр Жаңақорған мен Шиелі аудандарында болып, өңірдегі суармалы егіс алқаптарының жағдайымен танысты.


Жалпы биыл аймақта 189,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның 80,9 мың гектары – күріш, бұл жалпы егіс көлемінің 42,6 пайызын құрайды. Қалғаны – суды аз қажет ететін майлы, малазықтық дақылдар, сондай-ақ картоп, көкөніс және бақша өнімдері бар. Алқаптарды сумен қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 324 насос қондырғысы іске қосылған. Оның 25-і ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен жеткізілген.
Енді ауданға оралайық. Шілде айының соңғы күндері өтуде, енді бір айдан астам уақытта күріш жинау науқаны басталады. Қазір егістікте жоңышқа мен бақша дақылдарының пісіп, нарыққа жөнелтілуде. Жаңақоранда биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 35 453 гектар жерге егілді. Мұнда да дәнді, малазықтық және бақша дақылдарының үлесі басым. Күріш егістігі 7 300 гектар ғана. Аудан бойынша егін шаруашылығымен 460 шаруашылық айналысса, соның 243-і күріш өсіреді. Жергілікті шаруашылықтардың су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 39 насос қондырғысы орнатылған. Қазір 10 шаруашылықтың алқаптарында 24 насос іске қосылып, күріш және көкөніс, бақша дақылдары суарылуда.
Биылғы жылы 14 гектар алқапқа тамшылатып суарудың жаңа үлгісі енгізіліп, жалпы аудан бойынша 100 гектарға жуық алқапқа су үнемдеу технологиялары орналастырылған дейді жауапты сала басшылығы. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бастаған топ құрамына аудан әкімінің орынбасарлары мен депутаттар және жауапты сала басшылары бірге жүрді. Министр атқарылған жұмыстарды көріп, шаруалардың ұсыныс-пікірлерін, талап-тілектерін тыңдап, түртіп алды. Қысқаша аудандағы атқарылған жұмыстарға тоқтала кетейік.
2025 жылдың егісіне қажетті минералды тыңайтқыштардың көлемі 4 700 тонна, оның ішінде 4 252 тоннасы – азотты, 140 тоннасы фосфорлы тыңайтқыштар болса, қажетті гербицидтердің көлемі 2 184 литрді құраған.

Техника және жанар-жағар май

Көктемгі күзгі дала жұмыстарына 182 дана трактор, 38 дана комбайн, 28 дана жатка, 21 дана жүк көлігі, 37 дана тіркемелер қатыстырылған. 2024 жылы 43 дана мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып техника паркі 8,6 пайызға жаңартылды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті бөлінген 975 тонна дизель отынының бүгінгі таңда 860,25 тоннасы жетікізіліп, 724,71 тоннасы (84,2%) жаратылған.
Қысқаша айтқанда, ауданда ахуал тұрақты. Тек күріш көлемінің кемігені көптің көңілін түсіріп тұр. Әсіресе, Сыр беткейіндегі ауылдардың барлығы осы күрішпен күнелтіп отыр. Дегенмен, малдың азығынан да табатын пайда аз емес. Қуантатыны, жоғарыда айтқандай әртараптандыруға барынша назар аудара бастадық. Бұл күнделікті тұтынатын азық-түліктің импортына тосқауыл қойып, баға жүйесін тұрақтандыруға үлкен жол ашады. Оның барлығы уақыттың еншісінде, ең бастысы, бастама бар.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
29 шілде 2025 ж. 2 218 0