«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Еңбек тәрбиесі – тәрбиенің қайнар көзі

Еңбек тәрбиесі – тәрбиенің қайнар көзі


ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің алтын дәуірі. Бәсекелестік пен жоғары технологиялардың қарыштап тұрған кезеңінде адамзат ұрпағын жаңа технологияларды меңгеруге тәрбиелеуге тырысады. Алайда тәрбие мәселесін бірінші орынға қойған абзал. Осыдан келіп еңбек тәрбиесі қалыптасады. Оны үйретеуде технология пәні ұстаздарына артылар жүк салмақты.


Технология пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау ұстаздардың негізгі міндеті. Әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет. Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Еңбекке баулу» бүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және басқа да бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.
Көркем еңбек сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Өзім дәріс беретін №163 орта мектепте оқушыларды осы бағытта тәрбиелеуге жұмыс жасаймыз. Әрі олардың бойындағы талантын ашып, жаңашыл технологияларды меңгертуге тырысамыз. Ол үшін тәжірибеден өткізіп тұрамыз.

Ерік АБДУЛЛАЕВ,
№163 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
27 қараша 2019 ж. 924 0