Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАБИҒАТ САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

ТАБИҒАТ САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ


Биыл «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КМ-ның құрылғанына 65 жыл толды. Мемлекеттік орман қоры жері 791557 гектар болса, оның 542 579 гектары біздің ауданға тиесілі. Мұнда 100 орманшы қызметкер орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен айналысады. Тағы бір дәстүрлі мерекеміз – Орманшылар күнінде арнайы алғысқа бөленген үздік мамандар марапат мінберінен танылды.


Біздің аудан төңірегіндегі мемлекеттік орман қорының аумағы 4 санатқа бөлінген. Жаңақорған, Ақтас, Түркіс­тан, Төменарық орманшылықтарында жойылуға шақ қалған өсімдіктер мен жануарлар қырағы сақшылардың қамқорлығында. Бұл туралы бөлім басшысы Мұхаметжан Рүстемов баяндады.
– Орманшылар табиғаттың төл қорықшысы. Уақытпен санаспай қажырлы еңбек етіп келе жатқан әріптестерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Биыл көктемде мекеменің 20 га уақытша сексеуіл тұқымбағынан Аралдың құрғаған ұлтанына 2 млн 300 мың дана сексеуілдің көшеттері қазылып жөнелтілді. «Орда­кент» уақытша тұқымбағының мек­теп бөліміне 0,5 га жерге тал, жиде, терек ағаштары қаламшадан егіліп, сеппе бөлімі 0,5 га жерге үйең­кі, сәнағаш (катальпа), қарағаш, айлант ағаштарының тұқымынан себілді. Сондай-ақ, жыл сайын сексеуіл тұқымын көбейту басты жоспарымызда бар. Аймақтағы көл­дер мен орман-тоғайдың тыныс-тіршілігін қадағалап, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зерттеу-зерделеу жұмысы жалғасуда. Ту­ған жеріміздің сұлу табиғатын қаз-қалпында сақтап, оның көркеюіне еңбек ете береміз. – деді ол.
Расында, біздің ауданның топы­рағында өнген сексеуіл көшетте­рі еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту жұмысында кәдеге асуда. Жыл сайын жиырма мыңнан астам көшет апатты аймаққа жөнелтілуі соның айғағы дер едік. Біздің аудан төңірегіндегі орманды алқаптар­да санитарлық жағдайын бақылау үшін 52,6 мың га жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген. «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталы­ғы» РМҚК «Оңтүстік батыс ай­мақ» филиалы мен «Астық Сапасы» ЖШС және мекеме мамандары 4667 га жерге орман зиянкестеріне қарсы жер үсті химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.
Туған жердің табиғатын аялап, өз қызметтерін тиісті дәреже­де атқаруына байланысты үздік қызметкерлерге марапаттар тап­сы­рылды. Мекеме басшысы Му­хамеджан Рустемов «Ауыл шаруа­шылығының үздігі» төсбел­гісімен, орман шебері Асхат Әлжігітов Ау­ыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құр­мет грамотасымен, орманшы ин­спектор Әбдіманап Жүсіпов ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының 2-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен, орманшылық басшысы Айдарқан Толқынбаев, орманшы инспектор Абылайхан Үсенов, ор­маншы көмекші Данияр Шәменов пен орманшы инспектор Азамат Мырзашев 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапаттал­ды. Сондай-ақ, заң консультанты Дінмұаммед Жапаров пен бас есепші Данияр Құтыбаевқа облыс әкімінің «Алғыс хаты», орманшы инспектор Айтмағамбет Бекзілдаев пен аң атушы Ерғожа Жұмаділ­лаға Қызылорда облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайда­ла­нуды реттеу басқарамасының «Алғыс хаты» табысталды. Мара­пат мінберінде орманшы шебер­лер Дәурен Әнуар, Бағдәулет Ба­зарбай, Қанат Сматов, Алтынбек Әлібеков, Сапа Шамшудинов, Ас­қат Мантаевтар аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болды. Сондай-ақ, аға өрт сөндіруші Жаннұр Қара­манова облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Алғыс хатына», балық маманы Дәулет Мажитов ауылшаруашылығының «Алғыс хатына», ардагер орманшы Балтабек Назаров «Елеулі еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Орманшылар күні – еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне үлес қосып жүрген орман шаруа­шы­лығы қызметкерлерінің еңбегін ба­ғалайтын маңызды мереке. Олар­дың табиғатты сақтау жолын­дағы жұмысы қоғамның назарында болуы тиіс, себебі орман – Қазақстанның ұлттық байлығы.

Мақпал ПАТЕНОВА

22 қазан 2024 ж. 245 0