» » Еңбек ерлікке жеткізеді

Еңбек ерлікке жеткізеді


Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі жылды жақсы нәтижемен түйіндеді. Олай дейтініміз, сала мамандарының қажырлы еңбегі мемлекеттік деңгейде қолдау тапты. Мекеме басшысы Ниязхан Мұхановқа Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Құрмет грамотасы» табысталды.


– «Құрмет грамотасы» құтты болсын!
– Рақмет.
– Марапатты сіздің істеріңізді бағалап бергендей. Солай ма?
– Ол жағын сыйлыққа ұсынушылар біледі. Жалпы қолдан келгенінше істі сапалы атқаруға мән беремін, – деді марапат иесі.
Ниязхан Мұханұлының еңбек жолын қарасаңыз, құқық қорғау саласымен тығыз байланысты. 1985-2003 жылдары ішкі істер саласында түрлі деңгейдегі қызметтерді атқарса, 2003-2008 жылдары аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болды. 2014 жылдан аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде басшылық қызметте.
Өз ісіне мығым, әрі мемлекетшіл азаматтардың ерен еңбектері қашан да елеусіз қалмайды. Табиғат байлығын талан-таражға түсірмей, оны қорғауды азаматық борышым деп білетін қайсарлы жанның қажырлы еңбегі кімге де болса үлгі.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
04 қаңтар 2021 ж. 451 0