№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Орман – халық байлығы

Орман – халық байлығы


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында 5 жыл ішінде орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырды. Соған сәйкес 2021-2025 жылы атқарылатын жоспар түзіліп, Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуілді отырғызу жұмыстарын жүргізеді.
Бұл талап-міндеттер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығындағы «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» басым­дығына үндес келеді.
Мөде қағаннан қалған өсиет бойынша, жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Осыны Тұңғыш Президент тағы да жадымызға салып: «Енді ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз» дейді.
Бір кездері айдыны суға толып, толқындары Арал қаласының жағасын ұрып, балықшылар кемеге мініп, сағаттап, тәуліктеп теңізге саяхат жасаушы еді. Енді мұны өткен шақпен ғана айта аламыз. Осы шалқар көлдің табаны құрғап, жүздеген текше метр тұзды топырақ ауаға көтеріліп, экологиялық ахуал нашарлай түсті.
Президент Қасым-Жомарт Ке­мел­­ұлы осыны реттеуде сексеуіл ал­­қап­­тарын құруды міндеттеді. Бүгінде мекеме басшысы Ниязхан Мұхановтың басшылығымен 11180 келі сексеуілдің тұқымы жиналды. Одан бөлек, ерікті жергілікті тұрғындар 1500 келі сексеуіл тұқымын жинап, Арал қаласына жүк тасымалы арқылы жөнелтті.
2021 жылы жалпы қазылған көшет саны 109590 дананы құрайды. «Таза табиғат», «Мекенім жасыл орманым», «Бұл – менің ағашым» жалпы ұлттық ағаш отырғызу акциясында 3727 дана көшет тегін берілді. Оның ішінде, үйеңкі, терек, жиде сынды сәнді ағаштар бар. Бұл көшеттер елді мекендердің абаттануы мен жасыл аймаққа айналуына бағытталды.
Қазіргі нарықтық қатынастар қосымша қаржы табуды талап ететіні анық. Мекеме бұл бағытта да жүйелі жұмыс жүргізуде. Мәселен, биыл 105345 дана ағаш көшеті нарыққа шықты.
Мекеме басшысы Ниязхан Асыл­ханұлы:
– 2021 жылы күз мезгілінде орман қорының №25 оралымына 10 га жері қоршалып, сексеуіл көшетін өсіру мақсатында 600 келі сексеуіл тұқымы егіліп, жаңадан сексеуіл тұқым­ба­ғы ұйымдастырылды. Қандөз ауыл­дық округінің Сумағар каналының бойына 2 га жерге сексеуіл тұқымын себу жұмысы жүргізілуде. Мұның бәрі өлкені жасыл белдеулі аймаққа айналдыру бағытындағы жұмыстар, – дейді.
Тұңғыш Президент айтқандай, қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым десек, келешек ұрпаққа жан-жануары көп ну орманды қалдыру маңызды іс. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген ұлағаттың мәні осыдан шықса керек-ті.
Болат БАЙКЕНЖЕЕВ,
Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман қорғау инспекторы
12 желтоқсан 2021 ж. 387 0