Сарып ауруы
Қазір сарып (бруцеллез) ауруының нағыз қозатын шағы. Ауруды қоздыратын бруцелла бацилласы көп жағдайда адамға мүйізді ірі қара, қой-ешкіден жұғады. Мамандардың айтуынша, бруцеллез қай кезде де өзінің қауіптілігін жойған емес. Сарып — маусымдық ауру. Көктем, жаз айлары — аурудың нағыз қозатын шағы.
Бұл — адам ағзасына зиянын тигізетін және ауыл шаруашылығына залал келтіретін зоонозды инфекциялардың ішіндегі қауіпті аурулардың бірі. Аурудың таралуына және халық арасындағы аурушаңдығына байланысты Қазақстан гиперэндемиялық ел қатарына жатады.
Сарып ауруы адамға көбінесе жанасу меналиментарлы жолдар арқылы жұғып жатады. Сондықтан тұрғындар ауру малды төлдету, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу кезінде аса сақ болғандары жөн. Төлдеп жатқан малдың жанына арнайы киімсіз, резеңке қолғапсыз баруға болмайды. Өйткені бруцелла бацилласы малдың қағанақ суында көп шоғырланады.
Аурушаңдықтың келесі көтерілу мезгілі — жаз айлары. Себебі бұл кезде сарып ауруы адамға тамақ арқылы жұғады. Яғни шикі сүт және сүт тағамдарын қолданғаннан болады. Жалпы өнімдердің және тағамдық заттардың эпидемиологиялық маңызы оның жаппай массивтілігімен, бруцелланың түрімен, оның сақталу ұзақтылығымен анықталады. Нақты айтар болсам, сүтте бруцелла 10 күннен астам, сүзбеде 4 күнге дейін, жүнде 3 айға дейін сақталады. Осылардың ішіндегі ең қауіптісі — ауру қой мен ешкінің сүті және сүт өнімдері.
Бұл аурудың клиникалық белгілері біртіндеп басталады. Науқаста дене қызуы көтеріліп, қалтырау мен тершеңдік байқалады. Әсіресе, науқастың дене қызуы кешкілік мезгілде көтеріледі. Мұндай кезде адамның тәбеті жойылып, ұйқысы қашады. Біз тексеру барысында науқаста лимфа бездерінің ұлғайғанын, бауыр мен талақтың өскенін анықтаймыз. Бастапқы кезде жұқпалы аурулардың бір-бірінен ажыратуға келмейтін ортақ белгілері болады. Сондықтан бұл жағдайда диагнозды дәл қоя білген жөн. Ол үшін инфекционист-дәрігерлер диагноз анықтауда зертханалық зерттеулерді кең қолданады. Оның ішінде қоздырғышты бактериологиялық әдіспен анықтау, науқастың қанындағы қоздырғышқа қарсы денелерді табу, теріге аллергиялық сынама қою жұмыстары жедел жүргізіледі.
Сарыпауруы қалай байқалады?
Дене қызуының көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, дене салмағын жоғалтуы;
Буындар, бұлшық еттердің ауырсынуы;
Жыныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ерлерде орхитке, әйелдерде түсік тастауға, жатырдың қабынуына, мастит ауруларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ал балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдауы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп соқтырады.
Аурудансақтанужолдары:
Ауру малды дер кезіндеанықтау, оқшаулау, дереу мал дәрігеріншақырту;
Өлгенмалдыңденесінжәнеқалдықтарынжою, мал төлдету кезіндесақтықүшінарнайықолғап, аяқкиім кию;
қолдысабынменжуу, жеке гигиена ережелерінсақтау, залалсыздандыру;
сапалыөңдеуденөткенет, сүтөнімдерінтұтыну. Сүт пен етті ұзақ қайнатқаннан кейін пайдалану. сүтті және сүт өнімдерін бақылаулы сауда орындарынан ғана сатыпалу;
балалар мен жасөспірімдерді ауру мал жайылымдарыжұмыстарынажібермеу,
қорасында мал ұстайтынәрбіротбасы мал дәрігеріментығызбайланыстаболғаны абзал!
Жанұямүшелеріндеаурудыңалғашқыбелілерібайқалса, міндеттітүрдемедициналықмекемегеқаралу, ауру дер кезіндеанықталып, емделсе, жазылатынынұмытпаңыз!

Шынар Айдарова,
Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы