Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды

Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды


Экс-сенатор және бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың сенімді серігі, Финпол мен Антикордың экс-басшысы Талғат Татубаевтың ұсталғаны туралы ақпар тарады деп хабарлайды sadaq.kz сайты Ertenmedia-ға сілтеме жасап. 

49 жастағы Талғат Татубаев бейсенбі күні ұсталып, конвоймен Алматыға жеткізілген. Онымен бірге финполдың тағы бірнеше қызметкері тергелуде.
Прокуратура мен құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын Қожамжаровтың басқа да жақын серіктері Татубаевты қамаудан босатып алуға тырысып жатқан көрінеді-мыс.
Істі Бас прокуратура жанынан құрылған арнайы ведомствоаралық тергеу тобы бақылауға алған.
Татубаев Қарағандының тумасы. Еңбек жолы түгелдей финпол және жемқорлыққа қарсы мекемелермен байланысты. 2016-2019 жылдары Ұлттық бюро (Антикор) басшысы болған. Сол тұстағы Нығматуллин-Мәсімов группасы Антикорды өзінің тапсырмасын орындайтын саяси киллер ретінде пайдаланған.
Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша Қожамжаровтың етене командасы болып табылатын Талғат Татубаев «Матаевтар ісін» жүргізсе, Қайрекеңнің тағы бір сенімі серігі Олеся Кексель «Серік Ахметов ісін» жүргізген.

Фото: tengrinews.kz
07 шілде 2025 ж. 241 0