№76 (8890) 7

07 қазан 2025 ж.

№75 (8889) 4

04 қазан 2025 ж.

№74 (8888) 30

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылша ауруының алдын алу жайлы

Қызылша ауруының алдын алу жайлы


Қазахстан Республикасы бойынша қызылша ауруы 2025жылдың қаңтар-маусым айыларына 3125 қызылша ауруы тіркеліп оның 2683 науқасы зертханалық дәлелденген.

Қызылорда облысы бойынша 42 науқас қызылшамен тіркеліп, оның  41 науқасы зертханалық дәлелденген. Біздің ауданымызда қызылша ауру жоғары болмағанымен алдағы уақытта қызылша ауруының күрт жоғарлауы мүмкіндік туғызады, себебі бұл ауру ауа тамшысы арқылы жұғатын ауру. Балаларымыз жаздық демалысқа шығуына байланысты көршілес облыстарға қыдырып барып ауру жұқтыруы әбден мүмкін.          
Қызылша  бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті.
Қызылшаның белгілері: Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Мұндайда дәрігерлік көмекке жүгіну керек.
Қызылшаның алдын алу.
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшадан егу вирусты жасанды жолмен тоқтату, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Кейбір балаларда егуден кейін 6 күннен 20 күнге дейін дене қызуы көтеріліп, кейде конъюнктивиттің және бөртпелердің пайда болуы байқалады. Бұл белгілер 2-3 күнге дейін сақталады, содан кейін бәрі жақсы болады. Қорықпаңыздар, бұл жағдайлар болуы мүмкін және олар қауіпті емес. Бірақ сонда да егуден кейін қандай да бір қабыну болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Р.Ахметова,
Аудандық СЭББ бас маманы 
08 шілде 2025 ж. 97 0