№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бруцеллез туралы не білеміз?

Бруцеллез туралы не білеміз?



        Сарып бруцеллез (Brucellosis), медицинада- адам мен малдың жұқпалы ауруы. Аурудың қоздырушысы бруцелл- суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия. Мұны 1886 жылы ағылшын дәрігері Д.Брюс (1855-1931)тапқан.Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталды. Адам үшін бруцеллез инфекциясының негізгі көзі ұсақ және ірі қара мал болып табылады.Адам ауру малды босандыру, түсік тастау, сою және мал етін өңдеу, жүнін қырқу кезінде, малдың бөлінділерімен ластанған заттарды ұстаған кезде, термиялық өңделуі жеткіліксіз етті, қайнатылмаған сүтті немесе шикі сүттен жасалған сүт өнімдерін (ірімшік, сыр және т.б.) қабылдаған кезде бруцеллезді жұқтырады.Аурудың қоздырушысы бруцелл- суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия. Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталды. Сүтті қайнатқанда және пастерлегенде бруцеллдер  бірден, арнайы дезинфекция заттардан бірнеше минутта, ал тура түскен күн сәулесінен бірнеше минуттан 3-4 сағат аралығында өледі, топырақта  3 жыл, суда және тоңазытылған етте 5 айдай, сиыр сүтінде 45 күн , тұздалған қой терісінде 2 ай, мал жүнінде 4 айдан артық тіршілігін сақтай алады. Сарыппен  көптеген үй жануарлары (қой,ешкі,сиыр,шошқа) ауырады. Ауырған мал іш тастайды және шуы түспейді. Індет малдың несебі, сүті, жыныс мүшесінен аққан жалқыаяқ, іш тастаған малдың қағанағы, лас төсеніш, құрал-жабдық, т.б. арқылы тарайды. Адамға 39-40 градусқа дейін көтеріліп, қалтырап, әлсіздік пайда болады.  Науқасты   қалың тер басып, басы ауырады, буыны мен бұлшық еттері сырқырап, жүйке және қантамырлар жүйесі зақымданып, кейде адамның психикасы да өзгеруі мүмкін. Ауруды дұрыс емдемесе еңбекке жарамсыздыққа әкеледі, ал жүкті айелдер сарыппен ауырса, түсік тастайды. Ауруға шалдыққан адам ауруханада емделеді. Сарып ауруы байқалған шаруашылықтардан шетке мал шығарылмайды, шеттен келген мал тексеруден өтеді. Ауру мал жайылған өріске сау малды жаюға тыйым салынады. Сарыптансақтану үшін сау малға вакцинация жасалады. Ауру мал тұрған қора, алаң, аула көңнен тазартылып, концентрациясыжоғары ерітінділермен дезинфекцияланады, іш тастаған малдың қағанағын, жалқаяғын, оның жатқан төсенішін, ластанған көңін өртейді. Өлген  малдыңтерісін 2 айдай тұзға салып қояды, жүнін бромды метилмен зарарсыздандырады. Ауру малды күтушы адам үнемі дәрігердің бақылауында болады. Сарып көбінесе ауру малдың сүтін қайнатпай ішуден, етін дұрыс пісірмей жегеннен жұғады. Жүн жуатын, ет комбинаттарының жұмысшылары және ауру малды күтуші адамдар Сарыппен жиі ауырады. Аурудың белгісі 1-3 аптада білінеді.Ауырған малдың температурасы 39-40 С-қа дейін жетеді.
Сарып ауруы ауылшаруашылық малдардың төлдейтін кезеңіне байланысты. Яғни,  ауылшаруышылық малдары, кейде үй жануарлары (ит,мысық) сарып ауруының таралу көзі болып табылады.  
Ауру малды төлдету кезінде, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу, сондай-ақ, сүт өнімдерін дайындау кездерде жұғады. Сүт зауыттарында да ауру жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Ауру адамға қайнамаған сүт, қаймақ арқылы да жұғады. Мал қораларын тазалау кезінде ауадағы шаң-тозаң арқылы жұғады. Осы жұғу жолдарының ішіндегі ең қауіптісі мал төлдету кезінде малдың шуы, қағанақ суы арқылы жұғады.
Алғашқы клиникалық белгілер і- кешке қарай дене қызуы көтеріледі, денені тер басады, әлсіздік пайда болады. Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер мен жүйке жүйелері зақымданады. Жыныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ерлерде-орхит, әйелдерде – түсік тастау, жатырдың қабынуы, мастит ауруларына әкеліп соқтырады. Ал, балалар мен жасөспірімдерді белсіздік ауруымен зақымдануы мүмкін. Дер кезінде қаралмаған немесе дәрігерге кеш келген жағдайда бруцеллез асқынып, мүгедектікке әкеліп соқтырады. Ең алдымен ауру малдың көзін тез арада жою қажет. Малды төлдету кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру керек. Сонымен қатар сапалы өңдеуден өткен ет,сүт өнімдерін тұтыну керек. Ауладағы малдың арасында түсік тастау, өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек. Әр отбасы мал дәрігерімен  тығыз байланыста болған абзал.
Аурудың алдын-алу. Ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу кезінде, жануарларды төлдету кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киіп, аса сақ болыңыз, әсіресе сіздің денеңізде жырылған немесе тілінген жер болған жағдайда. Үй жануарларыңыздың денсаулығын қадағалап отырыңыз, ветеринария қызметкерлерімен кеңесіңіз. Ауыл шаруашылығы жануарлары жоспарға сәйкес жылына 2 реттік зертханалық тексеруден өтеді. Айта кететін жайт 1 жасқа, яғни 12 айға дейінгі ауыл шаруашылығы жануарлары тексеруге жатпайды. Ірі қара мал 12 айдан жоғары барлық мал басы жылына 2 рет көктемде, күзде тексеріледі.  Аналық бас төлдегеннен соң 14-21 күннен кейін тексеріледі. Уақ мал үшін 12 айдан жоғары барлық мал басы 2 рет көктем, күзде 1-2 ай төлдетуден кейін тексеріледі. Ауру жануарлар санитариялық союға жатады.
Диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша бруцеллезге оң әсер береітн жануарлар анықталған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы сараптама актісі негізінде: күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық сою үшін ҚР «Ветеринария туралы» заңы 35 бабының 2 тармағы 4 тармақшасына сәйкес жануарлар иелеріне мал шаруашылығы қора-жайлары мен олардың аумақтарына санитариялық тазарту (механикалық тазарту) дезинфекциялау, дезинцекциялау және дератизациялау жүргізуге және күнтізбелік 15-20 күннен кейін жануарларға қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Қорыта айтқанда, «сақтансаң, сақтаймын дегендей» дер кезінде ветеринариялық мамандар тарапынан тиісті ветеринариялық іс шаралардың атқарылып, мал иелері тарапынан өз міндеттерін жауапкершілікпен орындаған жағдайда бруцеллезді жеңуге болады.
 ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы                                                        С.Төлегенов
26 қазан 2021 ж. 464 0