№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Cарып ауруының алдын алу

Cарып ауруының алдын алу



Сарып (бруцеллез) – адам мен малда кездесетін жұқпалы  ауру.
Жұқпа малдан адамға жұғады,  созылмалы түрі көп кездеседі, уақыт өте қайта қозу немесе қайталану жағдайлары жиі болады.
Қыстың соңғы айы мен көктемде үй жануарлары төлдейтін кезеңде ауруды жұқтыру қаупі артатындықтан, сақтық шараларын сақтау керек!
Аурудың қоздырғышы бруцелла — суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия. Қоздырғыш жарақатталмаған тері арқылы да адам ағзасына енуге бейім, аса жоғары жұқтырғыш қасиетімен ерекшеленеді. Қоздырғыш адамның ағзасына ауру малдың нәжісімен, жарақаты бар кірленген қолдар арқылы төлдеген малмен байланыста, тамақтану немесе темекі шегу кезінде жұғады.
Негізгі жұқтырушы көзі: қой, ешкі, ірі қара мал және шошқалар. Бруцеллез ауруы уақ малдар (қой, ешкі) арасында жиі кездеседі. Қоздырғышпен ластанған жем, су, көң, тезек арқылы жұғады, ал адамдар ауру малды күтіп-қарауда, әсіресе төлдеу кезінде, мал сою және бөлшектеу кезінде, мал өнімдері және шикізатымен айналысқанда, тағамға ауру малдың сүтін, сүт өнімдерін (қайнатылмаған сүттен дайындалған қаймақ, сары май, брынза) және етін қолданғанда, ауру мал жүндерін өңдегенде, тезек жасағанда, мал тұрған, төлдеген орындарды көңнен тазалау кезінде ұшқан шаң-тозаң арқылы жұғуы мүмкін.
Клиникасы: дене қызуының ұзақ уақыт бойы көтерілуі, буын-сүйек сырқырауы, нерв-жүйке, жүрек-тамыр, зәр шығару, жыныс ағзалары және т.б. жүйелердің қызметтері аллергиялық әрекеттің әсерінен бұзылуы. Әсіресе, буындар зақымданады. Жастарда бедеулік, түсік тастау болады. Аурудың клиникалық белгілерінің басталуы жұқтырғаннан соң 10 күннен 6 айға дейін созылады. Дұрыс емделмегенде дерттің соңы мүгедектікке әкеледі. Ауру белгілері пайда болса, тез арада дәрігерге көрініп, дер кезінде емделген жөн.
Сарыптың алдын алудың ең бір маңызды жолы – жеке бас гигиенасын сақтау!
Аурудың алдын алу шаралары:
-малмен және оның өнімдерімен жұмыс барысында арнайы киіммен, қолғаппен жұмыс істеген абзал;
-балаларды сарыппен ауыратын жануарларды күтуге және оларды ұстайтын қора-жайларға кіргізбеу керек;
-қол жарақаттары болса, жақсылап таңу керек;
-жұмыс істеп болғаннан кейін қолды жуу, киімді ауыстыру қажет;
-ет, сүт өнімдерін тексеруден өткен, әсіресе қолдың қаймағы мен сары майдың және брынзаның анықтамасы бар сауда-саттық орнынан алу қажет;
-ет пен сүт  өнімдерін тек қайнатып (пастеризациялап), пісірген соң тұтыну қажет;
-мал базардан малдарды анықтамасымен алу керек;
-үй жануарларын ветеринарға тексертіп, ауру мал анықталса, сау малдардан оқшаулаумен жою қажет;
-мал орындарын тазартып, залалсыздандыру заттарымен өңдеу керек.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

Ж.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары 
07 ақпан 2024 ж. 336 0