№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Санитариялық – эпидемиологиялық мониторинг

Санитариялық – эпидемиологиялық мониторинг


Жалпы санитариялық - эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидалары"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімдерінің, мемлекеттік ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу тәртібін анықтайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халық денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жағдайына жинау, өңдеу, жүйелеу, талдау, бағалау және болжау арқылы бақылаудың, сондай-ақ халық денсаулығының жағдайы мен тiршiлiк ету ортасы жағдайының арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды айқындаудың мемлекеттiк жүйесi болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізудің мақсаты адам денсаулығына тiршiлiк ету ортасы факторларының (химиялық, физикалық, биологиялық, әлеуметтік) әсер етуі туралы дәйекті ақпарат алу, уланулардың пайда болуының және инфекциялық аурулардың, кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың пайда болуын болжау мүмкіндігі болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдерге, зертханалық және аспаптық зерттеулерге, инфекциялық, инфекциялық емес және кәсіптік сырқаттанушылық көрсеткіштеріне, санитариялық-эпидемиологиялық және профилактикалық іс-шараларға қатысты жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг республикалық, облыстық, аудандық деңгейде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында бірінші басшылардың бұйрықтарымен санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыруға байланысты жұмысқа жауапты адамдар бекітіледі.
Жаңақорған аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасымен ағымдағы жылдың 9 айында ауыз су сапасына, атмосфералық ауаға мониторинг жүргізу мақсатында 37 су құбырынан 336 су үлгісіне, 69 топырақ үлгісіне, 16 нүктеден ауа үлгісіне сараптама жасалынып, сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері бойынша:
1)өзгерістердің даму серпінін, бағыттылығын және қарқындылығын сипаттайтын жиынтық мәліметтер, баяндамалар, ұсынымдар, ғылыми болжамдар, диаграммалар, кестелер жасалады.
2)Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарды жою мақсатында талдау және басқарушылық шешімдерді қабылдау жүргізіледі.

Ж.А.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары
10 қазан 2024 ж. 155 0