№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Дератизация, дезинфекция, дезинсекция қызметтеріне рұқсат беру»

«Дератизация, дезинфекция, дезинсекция қызметтеріне рұқсат беру»


ҚР ДСМ 30.11.2020 жылғы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығы негізінде, халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесіне сәйкес, эпидемиялық мәні жоғары объектілерге  дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақ жемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын объектілер енгізілген.
Дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтері туралы не білуіңіз керек!
Қазіргі уақытта қызметтің бұл түрімен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес хабарлама бойынша мамандандырылған ұйымдар айналысады.
2024 жылғы 1 шілдеден бастап дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін  көрсететін жеке және заңды тұлғалар осы қызмет түрін лицензия болған  жағдайда ғана  жүзеге асыра алатын нормативтік - құқықтық актілер күшіне енеді.
Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Евразиялық экономикалық одақтың өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген құралдар қолданылады.
Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық - эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында дезинсекциялық және дератизациялық қызметте қолданылатын уытты заттармен улану фактілерінің тіркелуінің алдын алу мақсатында, Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігерінің  2020 жылғы 20 ақпандағы  6-ПГВр қаулысымен жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға 1, 2, 3 қауіптілік сыныпқа жататын дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынған болатын.
Халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін келесі ұсынымдарды сақтау маңызды:
1)жәндіктерден өңдеу жүргізу үшін жәндіктер мен кеміргіштерден профилактикалық өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарға жүгіну қажет;
2)өңдеуді өз бетінше жүргізуге, тіркелмеген, сондай-ақ ветеринария мен фитосанитарияға арналған препараттарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
3)мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, дезинсекция жүргізер алдында объектінің әкімшілігін (ПИК, МИБ және т.б.) және баспалдақ алаңы мен жоғарыдағы және төмендегі көршілеріңізді оны өткізу күні мен уақыты, қолданылатын құралдар мен сақтық шаралары туралы хабардар етіңіз;
4)дезинсекция терезелер жабық болған кезде жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін бөлме препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мұқият желдетіледі, желдету жүргізілгенге дейін үйде қалмай, препараттың әсер ету уақытында таза ауада серуендегеніңіз жөн.
Жәндіктерді өздігінен өңдеу сіздің және туыстарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!
19 наурыз 2024 ж. 239 0