№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету


Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.

Осы Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібін айқындайды.
"Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетеді.
Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін заңды немесе жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес құжаттарды жібереді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: www.egov.kz (бұдан әрі – веб портал) арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы веб портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берудің жалпы мерзімі он жұмыс күнін құрайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларды алу бүгінде барынша ашық.
Мемлекттікқызметті www.elicense.kz. «электрондық лицензиялау» порталынан онлайн режимінде алуға болады, ол үшін эпидемиялық маңызы жоғары объект иесі "Е-лицензиялау" порталына тіркеліп, «Қызметке онлайн режимінде тапсырыс беруі керек». Біріншіден, сіз құжаттар пакетімен алдын-ала танысуға болады. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін ЭЦҚ болу жеткілікті, және сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде берілген өтініштің мәртебесін анықтай аласыз.

Б.К.Шаханова 
Жаңақорған аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы                                               
08 ақпан 2024 ж. 281 0