Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ КҮН

ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ КҮН


Ұстаз - ұлы тұлға.
Иә, алыпты да, дананы да тәрбие мен біліммен сусындатқан Ұстаз - ұлы тұлға. Ұлағаты мәңгілік әлемге тең осынау шоқтығы биік мамандықтың иесіне деген құрметтің жоғары көрінісі Жаңақорған агарлы-техникалық колледжінде бастау алды.

Жылдағы дәстүрге сай әуезді әндер асқақталып, мұғалім мәртебесін арттыра түскендей. Ардагер ұстаздардың басын қосып, игі тілегіне құлақ асып, ұстаздың ұлы қызметін ұлықтаған шарамызды колледж қызметкерлері сән-салтанатымен ұйымдастырды. Колледж кәсіподағы ұйымдастыруымен арнайы мерекелік дастархан жайылды.

Колледждегі Кәсіподақ ұйымының төрағасы Мампаев Алмат Құрбанайұлы Ұстаздар құрметіне арнайы ұйымдастырған мерекелік шара мазмұнымен ұстаздар жүрегінен орын алды. Өзгенің бақытын аялап, өз уақытын аямайтын ардагерлермізге сый-сыяпаттар жасалды. Ардагер ұстаздар осындай іс шараны ұйымдастырған және сый құрметі үшін жылы лебіздерімен алғыстарын айтты. Колледж ұжымына атқарылған жұмыстарына сәттілік тіледі.

#ЖАТК
#Колледжкәсіподақ
#ҰстаздарКүні
09 қазан 2024 ж. 319 0