№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ізгілікке үндеген шара

Ізгілікке үндеген шара


«Мейірімді ананың – жүрегі жылы, қолы кең», «Анасын сүйгеннің баласын сүй». «Ананың сүті-бал, баланың тілі – бал". Осы тәмсілдің тереңіне үңілген қазақ халық ежелден әйел затының қасиетін жоғары бағалап, анаға құрмет көрсеткен. Осындай ізеттілік жолын Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің «Ана – өмірі, ана – бақыт, ана – гүл» атты мерекелік шарасынан аңғаруға болады.
Ағарту саласында ұзақ жыл қызмет етіп, зейнеткерлік жасқа жеткен аяулы ұстаздар сағынышпен колледждің мәжіліс залында басқосты. Біршама уақыт көріспеген әріптестер бір-бірінің жайын сұрап, құшақ жая қауышты. Көңілдері көтеріліп қалған жандар колледж жастарының тамаша тартуын қабыл алды. Жалынды жастар ақ жаулықты аналарға арналған мерекелік концертін ұсынды. Бағдарламаларына Ақсақ Темірдің әмірі жүрген заманнан тамаша тағылымға толы әңгімені қойылымға арқау етіпті. Қойылымда әйгілі ел билеушісінің өзі ақ самайлы ананы құрметтеп, тілегін қабыл етілгені баяндалды. Жүректен жүрекке жеткен әуезді әндер легі жандүниені елітіп, қайырмасында қосылып шырқауға мәжбүрлегендей. Жас дарын иесі Набат Жұмабайдың «Асыл ана» әні мен Ернар Ержігіттің «Ана» әні ерекше көңіл күй сыйлады.
Студенттердің тартуынан соң колледж директоры Мадияр Ахметов мінбеге көтеріліп, ерекше толқыныспен ұстаз-аналарға арнап тілегін жеткізді. Ол:
– «Ана – өмірдің қуат көзі». Әр пенденің жүрегінде анаға деген құрмет, махаббат, мейірім тұрады. Ал, анаға өз перзенттінен асқан бағалы һәм құнды дүние жоқ. Бұл туралы талай аңыздар, талай тағылымды туындылар қазақ қазынасында кездеседі. Міне, осы шексіз құдірет иесі, мейірім-шапағат киесі – аналар! Сондықтан біз, әр күн сайын аналарға құрметімізді көрсетуге тиістіміз», – деді.
Білікті басшы Мадияр Ахметов 17 ардагер анаға өзінің сый-сияпатын, жөн-жоралғысын жасады. Құрметке бөленген ұстаз Барманқұлова Қашия: «Осы киелі ордада қырық жыл қызмет еттім. Талай шәкірттер тәрбиелеп, олардың өз жолын жалғастыруға күш салдым. Барлығы да мен үшін қымбат. Себебі, өз ұл-қызымдай болып, құрметтейтін. Ұстаз – шәкірттің екінші анасы деп санамызға құйғандықтан, шәкірттерімді саналы, көкірек көзі ояу азамат болуға тәрбиеледім. Мен – олармен, олар – менімен бақытты» – деді.
Айта өтуіміз керек, мұнда оқытушы апайлар арасында «Жаңақорған аграрлы техникалық колледж» волейбол командасын жасақтаған. Жуырда осы команда ауданда бесінші рет жеңімпаз атанып, облыста бірінші сатыға көтерілген еді. Осы команда мүшелерін колледж директоры мақтанышпен мадақтап, мерекелік құттықтауын жеткізді. Команда мүшелеріне «Алғыс хатын» табыстады. Қуанышы еселенген команды копитаны Тасбике Тұрымтаева: «Қазақта қос тойың қабат келсін» деген игі тілек бар емес пе? Осындай қуанышты сәттің куәсі болып, тамаша толқынысты бастан өткізіп тұрмыз. Колледждегі қыздардың қарым-қабілетін арттырып, рухани қолдап, алға талпындырып жүрген басшымыз Мадияр Ахметовке алғысымыз зор. Қазақ қыздарын төл мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймын», – деді.
Шара соңында өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, өз саласы бойынша елеулі еңбек еткен тәлімгерлерді марапаттады. Аудан әкімі Ғалым Әміреевтің «Алғыс атымен» Жанар Шегенбаева, колледж директорының «Алғыс хатымен» Роза Даниярова, Қарлығаш Алпамысова, Айнақыз Исматова, Қарлығаш Найманбаева, Үміт Сүлейменова марапатталды. Шығармашылық жұмыс бойынша 12 қызметкер «Алғыс хатқа» ие болды.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
13 наурыз 2018 ж. 1 104 0