№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» Үш жылдағы үш белес

Үш жылдағы үш белес

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі үшін жаңа өзгерістер мен қарқынды қозғалыстардың жылы болды. 60 жылдық тарихында колледжімізге тұңғыш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Оқу-инновациялық базасы жаңара түсті.

Жалпы, 3 жылдағы атқарылған жұмыстарды сараптау мақсатында 30.12.2022 жылдың қорытынды есебі берілді. Колледж директоры Шауенов Жомарт Абибуллаұлы арнайы есеп беру жиынын ұйымдастырды. Алқалы жиынға Колледжішілік Қамқоршылық кеңес мүшелері қатысып, сонымен қатар Алшынбай Тұртанов, Серқожа Ыдырысов сынды ел ағалары қатысып, есеп беру жиынның куәсі болды.
Колледждің ардагер ақсақалдары мен барлық қызметкерлері қатысты.
Жеңісті де жемісті сәттер талқыланып, оқу орнының тарихи сәтіне ерекше маңыз берілді. Ол әрине "WorldSkills Kazakhstan" 2022 ұлттық чемпионатында колледж атын асқақтатқан Нұрдәулет Мәтеннің жеңісі.

Жомарт Абибуллаұлы өз баяндамасы арқылы кәсіби колледж үшін атқарылған істің бәрін баяндады, ал қамқоршылық кеңес мүшелері мен ел ағаларымыз жоғары баға беріп, алдағы жылға толағай табыстар тіледі.

Берекелі бастамалар баяндалып, колледждің даму деңгейі сарапталды. Колледжімізге мекеменің қаражатынсыз 3 жылда 20 (жиырма) млн ға жуық қаржының демеушілік жасалып атқарылған жұмыстары жайлыда баяндалды. Өткен жылдардың еншісінде қалар есепті таразыланды. Қорытынды жиынның аяғы Ишанова Наушабану Абдунабиқызын зейнеткерлікке рәсімдеп шығарып салумен жалғасты. Кәсіби колледждің дамуына үлес қосқан үздік қызметкерлер Облыстық білім басқармасы басшысының және облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының "Құрмет грамотасы" мен "Алғыс хатына" ие болды. Үш жылдықтағы бағындырған белестерді баяндаған жиын соңы Жаңа жылдық шараға жалғасты.

---
01 қаңтар 2023 ж. 137 0