Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тәлімі терең тарихи мектеп

Тәлімі терең тарихи мектеп



Ұлт бар жерде тәрбие ұғымы бар. Қайсыбір халықтың болсын келешегі, болашағы тәрбиелі де білімді ұрпағының ұлағатымен ұштастырылатыны айқын. Бұл мақсат – Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж ұжымының басты бағдарына айналған. Өйткені, жасөспірімдердің ертеңгі болашағы бүгінгі тәрбиеге тікелей байланысты.
Иә, кәсіптік колледж дегенде елдің есіне жаңа заман талабына сай жаңарған ғимарат пен тіршілігі қарбалас білім ордасы еске түседі. Жылдан-жылға оқу процесіне қойылар талап күшейген сайын, колледж оқытушылары да бұл талапқа бейімделіп, мәденитәрбиелік шаралардың легі жаңара түсуде. Айтулы жетістіктер қатарында, колледждегі «Алтын ғасыр пікірсайыс қозғалысы», «Оқуға құштар колледж» жобалары бойынша көшбастап, үздік нәтиже көрсетіп жүрген студенттерді айтуға болады. Жемісті де жеңісті жаңалықтың бірі – кәсіби колледждегі спорттық секциялар. Студенттердің уақытын тиімді пайдалану мақсатында жабдықталған арнайы Тренажер залы мен теннис үстелі, спорттық алаңдар шәкірттердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануға, спортқа бейімделуге бағыттайды. Мұның дәлелі, жыл бойына облыстық кәсіптік білім беру орындары арасында өтетін волейбол, баскетбол ойындары сайысында «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж» ұжымының қыздар және ерлер командасы әрқашан көшбастап, жүлденің тек тұғырынан көрініп жүр. 2023 жылдағы тәрбие саласындағы басты ерекшелік, жастарға құқықтықморальдық тұрғыда көмек көрсету. Бұл турасында аудандық полиция бөлімі жауапты мекеме өкілдерімен бірнеше рет кездесу жиналыстары ұйымдастырылды. Құқықбұзушылықтың алдын алу, адамгершілік-рухани тәрбиемен қатар, ұлттық құндылықтарға бейімдеу, өз құқығың қорғай білу сынды мақсатты ұстанымдарды арқау еткен шаралар тәрбие бөлімі турасынан жиі ұйымдастырылуда. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы». Бұл – дана қазақтың кемел ойы. Кешегі мен бүгінгі маңызын, құндылығын дәлелдеген келісті ой. Расында да, келешек ұрпақ тәрбиесінде білім ошақтарына артылар жүк те, жауапкершілік те ауыр. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі де бұл сенімді ақтау аясында айтулы жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Алмат Мампаев,
Жаңақорған аграрлытехникалық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
25 ақпан 2023 ж. 125 0