№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Тағылымы терең тұлға»

«Тағылымы терең тұлға»


Жаңақорған аудандық сотының және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен колледждің мәжіліс залында Тұңғыш Президент күніне орай «Тағылымы терең тұлға» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.
 Мерекелік жиынға Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Түбекбаева, колледж директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мампаев бастаған  ұстаздар қауымы  мен студенттерқатысты.
Шара барысында сот төрағасы Ә.Түбекбаева өзбаяндамасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпы халықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Н.Ә.Назарбаев тұңғыш рет президент болып сайланғанын атап өтті. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Ал қазіргі таңда Қазақстанды әлем мойындады. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінгі күнге дейін басқарып келеді. Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екенін айтып, Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.
Сондай-ақ «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен гулденуденуінің негізі» атты Мемлекет басшысының Қазақ халқына Жолдауының сот жүйесіне қатысты бағытын түсіндірді. Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотымен республика соттарында жүргізіліп жатырған реформаларға, пилоттық жобалардың жүзеге асырылуына тоқталды.
Шарада аудандық аграрлы-техникалық колледждің тарих пәнінің оқытушысы А.Шерментаева Елбасы жайлы дайындаған баяндамасын оқыды.
Колледж мұғалімі Х.Дошан және студенттер айтулы мерекеге орай шығарған өз туындыларын оқып, әннен шашу шашты.
Шара соңында сот төрағасы Ә.Түбекбаева колледж ұстаздары мен студенттеріне ризашылығын білдіріп, «Еліміздің болашағы баянды болғай, Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей берсін, Елбасымыздың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізейік,  еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»  деген тілегін білдірді.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
                                 
28 қараша 2019 ж. 796 0