№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

№78 (8789) 1

01 қазан 2024 ж.

№77 (8788) 28

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Халықтық штаб мүшелері аудандық аурухана ұжымымен кездесті

Халықтық штаб мүшелері аудандық аурухана ұжымымен кездесті

Бүгін, аудандық штаб мүшесі Серік Мұсабаев ақ халатты абзал жандармен кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының халыққа жолдауында айтылған елiмiзде АЭС салу мәселесіне қатысты жобаларды назарға алып, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға кеңінен жауап берді.
Жиында штаб мүшесі, Серік Мұсабаев АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілiне баса назар аударып, көпшілікке жан-жақты түсіндірді.
– Біздің жас мемлекетіміздің ертеңі үшін атом электр энергиясы ауадай қажет. Қазіргі таңда АЭС ті әлем пайдалануда. Біз жұмыс жасап отырған станцияларға арнайы барып көрдік. Елдің көбісінің көкейлерінде жүрген сұрақтарының бірі АЭС-ті қай мемлекет соғады? Бұл мәселе бойынша 6 мемлекет қатысып, 4 мемлекет арнайы сараптамадан өткен. Бізге дәл кәзір АЭС салу қажет пе, қажет емес пе? Міне осыны президент халыққа салып отыр. Сондықтан да осындай өзекті мәселе алдында, маңызды шешім қабылдау сіз бен бізге үлкен жауапкершілік, – деп дәйекті сөз сөйледі.
Басқосуда штаб мүшелері АЭС салу мәселесі де қазіргі таңда өзекті әрі болашақта электр тапшылығын шешудің бірден бір жолы деген пікірлерін білдірді.
Кездесуде ұжым мүшелері толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.
30 қыркүйек 2024 ж. 106 0