Президент бастамасын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді

Жиында штаб Төрағасы Арман Мажитов АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілiне баса назар аударып, көпшілікке жан-жақты түсіндірді.
- Еліміз өте маңызды шешім алдында тұрғаны белгілі. АЭС салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етiп қана қоймай, экономикалық дамуына да оң әсер ететіні сөзсіз. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға үлкен ықпал етеді. Сондықтан елдің болашағы үшін әрбір азамат осы референдумда белсенді түрде қатысып, өз ойын білдіру керек, - деді Арман Мажитов.
Басқосуда штаб мүшелері АЭС салу мәселесі де қазіргі таңда өзекті әрі болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы деген пікірлерін білдірді.