Халықтық штаб мүшелері Сунақ ата ауылының тұрғындарымен кездесті

Жиында штаб мүшесі, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілiне баса назар аударып, көпшілікке жан-жақты түсіндірді.
– Еліміз өте маңызды шешім алдында тұрғаны белгілі. АЭС салу еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етiп қана қоймай, экономикалық дамуына да оң әсер ететіні сөзсіз. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға үлкен ықпал етеді. Сондықтан елдің болашағы үшін әрбір азамат осы референдумда белсенді түрде қатысып, өз ойын білдіру керек, – деп дәйекті сөз сөйледі.
Басқосуда штаб мүшелері АЭС салу мәселесі де қазіргі таңда өзекті әрі болашақта электр тапшылығын шешудің бірден бір жолы деген пікірлерін білдірді.
Кездесуде ұжым мүшелері толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасты.