АҚСАҚАЛДАР МЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Әр қазақстандықтың алдағы референдумға қатысуының маңызы ерекше атап өтілді. Бұл қоғамдағы диалогты нығайтып, азаматтардың саяси мәдениетін арттыратынын тілге тиек етті аудандық штаб мүшесі Ғалымжан Жарқынбекұлы:
– Болашақта еліміз дамыған мемлекеттер қатарында болуы үшін АЭС ауадай қажет. Қазіргі таңда АЭС ті әлем пайдалануда. Біз жұмыс жасап отырған станцияларға арнайы барып көрдік. Елдің көбісінің көкейлерінде жүрген сұрақтарының бірі АЭС-ті қай мемлекет соғады? Бұл мәселе бойынша 6 мемлекет қатысып, 4 мемлекет арнайы сараптамадан өткен. Бізге дәл кәзір АЭС салу қажет пе, қажет емес пе? Міне осыны президент халыққа салып отыр. Сондықтан да осындай өзекті мәселе алдында, маңызды шешім қабылдау сіз бен бізге үлкен жауапкершілік – деді.
Кездесу барысында ақсақалдар көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін айтып, қолдайтындарын жеткізді.