Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КЕЛІНТӨБЕ АУЫЛЫНДА

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КЕЛІНТӨБЕ АУЫЛЫНДА

Бүгін аудандық Халықтық штаб өкілдері Келінтөбе ауылы тұрғындарымен кездесті.  Штаб мүшелері Жолдасбеков Асылжан мен Айдаров Нұрхан Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, алдағы 6-қазан күнгі референдумның маңыздылығы, еліміз үшін АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндірді. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін біржолата бекітетіндігімізді, болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдыратындығымызды жеткізді.
Штаб мүшесі А.Жолдасбеков – «Осы уақытқа дейін мемлекетіміз электр энергиясына тәуелді болып келді. Сондықтан да, АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешудің бірден-бір жолы. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді» - деді өз сөзінде.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, штаб мүшелерімен пікір алмасты.
12 қыркүйек 2024 ж. 586 0