Президент бастамасын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді
Бүгін, аудандық Халықтық штаб өкілдері Жаманбай батыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жиында штаб мүшесі Жахудаев Нариман Үсенұлы АЭС құрылысының маңызы мен қажеттін түсіндірді. Сонымен қатар АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.
«Деректерге сәйкес қазір әлемде 415 ядpoлық энергетикалық реактoрлар жұмыс істесе, тағы 60-ы салынуда. Атoм электр стансасының қоршаған oртаны түтін газдары, күл, мұнай өнімдері баp ағынды сулар сияқты заттармен ластамайтындығы pасталған, яғни экoлoгиялық таза. Біз мемлекетіміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ меpізімге аpналған ұлттық мүдделерімізді ескеpе oтыpып тек алға қаpай жылжуымыз керек. Біp сөзбен айтсақ бoлашақты oйлауымыз қажет», - деді.
Басқосуда штаб мүшесі Абилакимов Қуаныш: Біз әрқашан елдік маңызды бастамаларды қолдаймыз. АЭС мәселесі де қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бұл болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы деген пікірін білдірді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, пікір алмасты.