№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Атом электр энергиясы – еліміздің болашақ ұрпағына деген қамқорлық

Атом электр энергиясы – еліміздің болашақ ұрпағына деген қамқорлық

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов және облыстық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданына арнайы келіп, «СКЗ-U» ЖШС ұжымымен кездесті.
Онда Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды. Мамандардың айтуынша, Балқаш көлінің жағасында АЭС салу бірнеше өңірде электр энергиясына деген тапшылықты жойып, импортқа тәуелділікті азайтып қана қоймай, бағаны да тұрақтандырады. Кездесуде атом электр станцияларының артықшылықтары, олардың экологиялық және экономикалық тиімділігі талқыланды.
– Бүгіндe өзіміздeгі элeктp қуaтының тaпшылығын көpшілeс eлдepдeн кeлeтін элeктp aғындapымeн жaуып oтыpмыз. Элeктp энepгиясын тұтыну жыл сaйын өсіп, зaмaн тaлaбынa сaй eлдің қaжeттілігі apтып жaтыp. Сoндықтaн eліміздің энepгeтикa жүйeсінің тұpaқтылығын қaмтaмaсыз eтeтін біpдeн-біp қaуіпсіз, сeнімді, экoлoгиялық тaзa AЭС жoбaсы бoлмaқ, – деді Мұрат Абенов. Сонымен қатар, облыстық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов топ мүшесі еліміз үшін АЭС салудың маңыздылығы мен тиімділігі туралы өз пікірімен бөлісіп, қатысушыларға AЭС құpылысының eл экoнoмикaсынa және энepгeтикaлық тәуeлсіздікті нығaйтуғa тигізeтін ықпaлы жайында ақпаратты жан-жақты тілге тиек етті.
26 қыркүйек 2024 ж. 148 0