№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЭС – ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ КЕПІЛІ

АЭС – ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ КЕПІЛІ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Жаңақорған ауданындағы сапарында кездесулер өткізуді жалғастыруда. Штаб мүшелері «Qaratau fruits» шаруа қожалығы ұжымымен атом электр станциясының болашағын талқылады.
Кездесуде өңір экономикасының дамуы және атом энергетикасының экологиялық жағдайды жақсартудағы рөлі сөз болды. Штаб мүшелерінің айтуынша, атом энергетикасына көшу ауаның ластану проблемасын шешудің тиімді тәсілі бола алады, өйткені АЭС – көмір электр станцияларына қарағанда әлдеқайда экологиялық тұрғыда таза екені айтылды.
Штаб мүшесі Пірмұхаммед Сыздықов айтуынша, АЭС – бұл энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздіктің кепілі.
– Еліміз алдағы 10 жылдың ішінде атом электр станcасын салуды көздеп отыр. Себебі жыл өткен сайын Қазақстанда энергия тапшылығы қатты сезілуде. Сол себепті де, елімізде АЭС салу атом индустриясы үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Егер артықшылықтар туралы айтатын болсақ, онда АЭС салу елдің ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлардың өсуіне мүмкіндік беретінiн ұмытпаған жөн. Өйткені, қазіргідей әлемде ресурстарға, энергияға бәсеке күшейген уақытта елдің энергетикалық тәуелсіздігі, энергетикалық қауіпсіздігі бірінші орынға шығып отыр. Сондықтан, Қазақстанда АЭС салу – өмірлік мәселе екенін баршамыз ұғынуымыз қажет. Біз осындай тағдырлы мәселелерді келер ұрпақтың мойнына артып кетпей, дәл бүгін батыл, дұрыс шешім қабылдауға тиіспіз, – деді өз сөзінде.
Штаб мүшелері Жанкелді Ойшыұлы, Серікбай Ыдырысұлы мен Жорабек Ибрагимұлы атом электр станциясы энергия импортына тәуелділікті азайта отырып, елді тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды жоба екеніне тоқталды.
Кездесуге қатысушы азаматтар референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, атом энергиясы, станциялары жайлы біраз мәліметтерден хабардар болғанын жеткізіп, Мемлекет басшысының бастамасына қолдау білдірді.
20 қыркүйек 2024 ж. 297 0