№78 (8789) 1

01 қазан 2024 ж.

№77 (8788) 28

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (8787) 24

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Атом электр энергиясы - экономиканың негізгі күшi

Атом электр энергиясы - экономиканың негізгі күшi

Елімізде ұзақ жылдан бері жоғары деңгейде және қоғамдық талқылаудың бірнеше кезеңінен берi келе жатқан АЭС салу мәселесi қоғамда қызу талқылануда. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында АЭС салу бойынша референдум өткізуді жариялаған болатын. Осыған орай ел арасында халықпен кездесу ұйымдастырылуда.
Бүгін аудандық аграрлы-техникалық колледжінде Аудандық Халықтық штаб мүшесі Наурызбай Орынбасаров колледж ұжымымен кездесті.
– Қазір әлемде 415 атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. Тағы 59 атом электр станциясы салынып жатыр. Егер елімізде құрылыс жұмыстары басталатын болса кемінде 7000 адам жұмысқа таратылып, жұмыс көздері ашылады. Ал атом электр станциясы іске қосылғанда 2000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деуге болады. Осы ретте айта кетейік, казіргі таңда елімізде - 46 күн, 59 жел электр станциясы жұмыс істеуде. Өкініштісі бұлар елдегі электр энергиясының тек 6 пайызын ғана өндіріп отыр. Ал Атом электр станциясы осы олқылықтың орнын толтыратынына сенiм мол, – деді штаб мүшесі.
Жиын барысында штаб мүшесі атом электр станциясын (АЭС) салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын кеңінен баяндап, АЭС төңірегінде туындаған негізсіз үрейлерді сейілтуге бағытталған маңызды ойларын ортаға салды, әрі станцияның экологиялық және экономикалық пайдасына тоқталды.
Жиынға қатысушылар референдум АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, АЭС салуды қолдайтындықтарын жеткізді.
23 қыркүйек 2024 ж. 258 0