№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЭС САЛУ – ҚУАТ ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУГЕ ЖОЛ АШАДЫ

АЭС САЛУ – ҚУАТ ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУГЕ ЖОЛ АШАДЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық халықтық штаб мүшелері «Жаңақорған Транзит» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесу барысында штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген алдағы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығына тоқталып, АЭС құрылысының тиімділігі жөнінде және маңыздылығы туралы қарапайым тілмен түсіндірді.
Халықтық штабтың мүшесі Мархабат Жайымбетов атом электр станцияларын салу экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін айтты:
– Қазіргі таңда барлық өңірлерде түсіндіру жұмыстары жүруде. Қазақстанның энергетикалық жүйесін әртараптандыру үшін атом энергетикасы маңызды рөл атқарады. «Қазіргі уақытта еліміздегі электр станцияларының көпшілігі ескірген және олардың тиімділігі төмен. АЭС салу арқылы біз тек энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік аламыз. АЭС салу электр қуатына тапшылықты жояды. Францияда 56 АЭС блса, Ресейде 36 АЭС бар. Күн мен жел қуатынан көрі станция салып, энергия алу әлдеқайда тиімді болмақ» - деді өз сөзінде.
«Жаңақорған Транзит» ЖШС ұжымымен жүздесуге келген халықтық штаб мүшелері Жорабек Нұрымбетов пен Бақытхан Абдикаримовте Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, АЭС ірі өнеркәсіптік өндірістердің қажеттілігін толық жабатындығын жеткізді.
Кездесуге қатысушылар АЭС салу жөніндегі халықтық референдум бойынша ой бөлісе отырып, АЭС көптеген жаңа орындар ашылуын қамтитынын айтып, кадр даярлығы, олардың қауіпсіздігі туралы сұрақтарын қойып толыққанды жауаптарын алды.
20 қыркүйек 2024 ж. 306 0