» » «Жаңақорған Санаториясы» АҚ ұжымымен кездесу

«Жаңақорған Санаториясы» АҚ ұжымымен кездесу

Бүгін АЭС құрылысын қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері «Жаңақорған Санаториясы» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиынды аудандық халықтық штаб мүшесі Жолдасбеков Асылжан жиынды ашып, ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында еліміздің әлеуметтік -экономикалық дамуы үшін бірнеше тапсырмаларды нақтылап бергендігін, соның негізгі басымдығы Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу мәселесі болғандығын, Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетінін жариялағандығын жеткізді. Жиынға қатысушыларға АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндіріп, АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.
Сонымен қатар атом электр станциясын салу еліміздегі болaшақтa орын алуы мүмкін энергия тaпшылығының aлдын aлуды көздейтінін aтaп өтті.
Кездесу барысында қойылған АЭС-ның қоршаған ортаға тигізер зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сауалдарға штаб мүшелері толыққанды жауаптар берді.
Өз кезегінде «Жаңақорған Санаториясы» АҚ ұжымы Еліміз үшін АЭС керек екенін және қолдайтындықтарын айтты.
09 қыркүйек 2024 ж. 446 0