№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Cенат депутаты Руслан Рүстемов Жайылма ауылының жұртшылығымен жүздесті

Cенат депутаты Руслан Рүстемов Жайылма ауылының жұртшылығымен жүздесті

Бүгін ҚР Парламентінің Cенат депутаты Руслан Рүстемов АЭС салуды қолдау жөнінде Жаңақорған ауданына арнайы келіп, Жайылма ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде атом электр станцияларының артықшылықтары, олардың экологиялық және экономикалық тиімділігі талқыланды.
– Қазіргі кезеңде түрлі салаларда электр энергиясына деген сұраныстың арта түсуі салдарынан, сондай-ақ, халық санының табиғи өсімі процесіне сәйкес елімізде энергия тапшылығы проблемасы орын алуда. Оның ішінде Қызылорда облысы да электр қуатының 30 % - ке жуығын сырттан тасымалдауға мәжбүр. Сол себепті, Қазақстанға сенімді, тұрақты энергия көзі қажет. Бұл елді энергиялық тәуелділіктен сақтайды. Ядролық физика саласының ғалымдары мен энергетик мамандар бұл өзекті мәселені шешудің тиімді жолы ретінде АЭС салу қажеттігін айтады.
“Жасыл энергия” болып саналатын атом қуаты экологиялық жағынан тазалығымен бірге тұрақты электр қуатының көзі ретінде еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, – деп өз ойымен бөлісті.
Сондай-ақ, кездесуде ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, атом электр станциясын салудың перспективасына қатысты өз ойларын жеткізіп, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған АЭС салу жөніндегі бастаманы қуаттайтындарын білдірді. Ауыл тұрғындары АЭС-тің экологияға әсері, радиациялық қауіптерді басқару және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.
24 қыркүйек 2024 ж. 191 0