№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » "Казпошта" ұжымымен кездесу

"Казпошта" ұжымымен кездесу

Халықтық штаб мүшелері Ғалымжан Жарқынбекұлы мен Серік Мұсабай аудандық казпошта ұжымымен кездесу өткізіп, атом электр станциясының құрылысы және оның ел экономикасы мен экологиясына тигізетін ықпалы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жиында АЭС құрылысының өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге қалай әсер ететіні кеңінен айтылды.
– Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Нақтыласақ, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті дамытуға ықпал етеді, заманауи технологияларды енгізіп, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайтады. Айта кетейік, атом электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді, – дейді штаб мүшесі Серік Мұсабаев.
Сонымен қатар, ақпараттық топ мүшесі еліміз үшін АЭС салудың маңыздылығы мен тиімділігі туралы өз пікірімен бөлісіп, қатысушыларға AЭС құpылысының eл экoнoмикaсынa және энepгeтикaлық тәуeлсіздікті нығaйтуғa тигізeтін ықпaлы жайында ақпарат беріп өтті.
16 қыркүйек 2024 ж. 571 0