ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КӨКТӨБЕ АУЫЛЫНДА

Штаб мүшелері Жолдасбеков Асылжан мен Айдаров Нұрхан Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, алдағы 6-қазан күнгі референдумның маңыздылығы, еліміз үшін АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндірді. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін біржолата бекітетіндігімізді, болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдыратындығымызды жеткізді.
Сонымен қатар елімізде АЭС-тің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сай құрылатынын және қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін III немесе III+ жаңа буын атом электр станцияларын салу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, штаб мүшелерімен пікір алмасты.