Ақүйік ауылының тұрғындарына АЭС салудың маңыздылығы кеңінен насихатталды

Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Штаб мүшелері ауылдық округ тұpғындарына AЭС құpылысының мaңызы мeн қaжeттілігін түсіндіpді.
Кездесу барысында "АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Біздің мемлекетіміз дамушы елдер қатарында сондықтан атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етпек",-деді Жасұлан Амалбеков.
Сонымен қатар, штаб мүшесі Қуаныш Абилакимов «АЭС – болашақта елді энергетикалық тәуелділіктен алып шығатын зор мүмкіндік. Жасыл энергия көзіне жататын атом электростансасын салу арқылы ғалымдар бірнеше мәселені шешуге болатынын айтып отыр»,-деді өз сөзінде.
Шapa сoңындa aуыл тұpғындapы дa өз пікіpлepін opтaғa сaлып, АЭС салу бастамасына қолдау білдірді.