Ешкімге тәуелді болмау үшін АЭС салу қажет

– Елімізде атом электр станциясы салынатын болса, тек электр қуатына қол жеткізіп қоймаймыз деп есептеймін. Сонымен қатар, тұралап қалған өзге де салаларға серпін беріп, шағын және ірі кәсіпкерлік дамиды. АЭС еліміздің жан-жақты дамуы мен өсіп өркендеуіне мүмкіндік беретін аса тиімді қуат көзі болар еді, – деді Халықтық штаб мүшесі, аудандық мәслихат төрағасы.
Кездесуге қатысқан емхана қызметкерлері АЭС салу жөніндегі өз пікірлерін ортаға салып, мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған Жолдауында: «Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек»,- деген болатын.