» » Қариялармен АЭС салудың маңыздылығы талқыланды

Қариялармен АЭС салудың маңыздылығы талқыланды

Елімізде атом электр станциясын салу ел ертеңі үшін маңызды қадам. Бұл үздіксіз электр энергиясын өндірудің әлемдегі ең озық тәсілі. Осы ретте, облыстық Халықтық штаб мүшелері Жаңақорған ауданында болып, «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында қариялармен кездесу өткізді. Аймақтық штаб мүшелері атом электр станциясының ұтымды тұстары мен маңызына ерекше назарға алды.
Штаб мүшесі Дүйсенбаев Серіктің айтуынша, әлемнің дамыған елдері атом электр станцияларынан тоқ көзін үздіксіз өндіріп, оны тиімді пайдаланып отыр. Қазіргі уақытта елімізде электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуда, ал болашақта зауыттар мен фабрикалардың көптеп ашылуымен энергетика саласындағы жағдай күрт нашарлауы мүмкін. Осы себепті АЭС-ты енгізу арқылы туындайтын мәселелердің алдын алу қажеттілігі туралы сөз қозғады.
Ал, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Нұриддин Әмитов өз сөзінде, егер біз болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруін қаласақ, бұл мәселеге бей-жай қарамай, дұрыс шешім қабылдауымыз керек деп атап өтті. Ол әрбір азаматтың референдумда дауыс беру кезінде ойланып шешім қабылдау керектігін айтты, себебі бұл тек қазіргі емес, болашақ ұрпақтың да өміріне әсер етеді.
Кездесу барысында қариялар АЭС салу мәселесін қолдайтындықтарын ашық білдіріп, штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдірді. Кездесу барысында тұрғындар АЭС-тың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті екенін түсініп, бұл бастаманы қолдауға дайын екендіктерін көрсетті.
13 қыркүйек 2024 ж. 392 0