№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Әлшекей атындағы өнер мектебі ұжымы Президент бастамасын қолдайды

Әлшекей атындағы өнер мектебі ұжымы Президент бастамасын қолдайды



Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері Әлшекей атындағы өнер мектебі ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында штаб мүшелері Серік Абыдынұлы, Алмат Құрбанайұлы мен Қалдыбай Шілденұлы алдағы 6-қазан күнгі референдумның маңыздылығы, еліміз үшін АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігін түсіндірді. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін біржолата бекітетіндігімізді, болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдыратындығымызды жеткізді.
Жиынға қатысушылар белсенділік танытып, штаб мүшелеріне АЭС-ның қоршаған ортаға тигізер зияны мен пайдасы, радиоактивті қалдықтар және нысанның салынатын орны, тариф жайлы сауалдарға толыққанды жауап алды.
09 қыркүйек 2024 ж. 501 0