№78 (8789) 1

01 қазан 2024 ж.

№77 (8788) 28

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (8787) 24

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту бөлімінде кездесу өткізді

АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб өкілдері әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамту бөлімінде кездесу өткізді

Орталықта өткен кездесуде аудандық Халықтық штаб мүшесі Баян Үсейнова: Бүгінде аймағымыз қарыштап дамуда. Өңірге салынған инвестиция есебінен әлеуметтік орталықтар, Жайлы мектептер салынуда.
Қаншама жеке мектептер салынуда. Ал осы нысанның барлығына электр қуаты керек. Қарапайым ауыз су мен аяқ суды берудің өзіне жарық қуаты керек. Байқап қарасақ, ұялы телефонымызды да, үйде тұру үшін де, өміріміздің барлық тұсында электр қуаты керек. Қазірде елімізде электр қуаты тапшылығына байланысты біз Қырғызстаннан да электр қуатын сатып алып отырмыз. АЭС құрылысы елдің энергетикалық қуатын арттырудың алғы шарты болмақ,-деді
Ал штаб мүшесі Абилакимов Қуаныш «Электр қуатын шамадан тыс пайдалану салдарынан бүгінде халықтың көп шоғырланған жерлерінде электр қуатының тапшылығы сезілуде Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде 1 орында, ал уран қоры бойынша 2 орында. Бүгінде еліміздегі жылу станцияларының 70%-ның тозығы жеткен. Электр энергиясын тұтыну көлемі жыл сайын 3%-ға өсіп отыр» - деді.
Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.
Сала өкілдері АЭС жайлы оң пікірлерін білдіріп, жасыл энергияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.
12 қыркүйек 2024 ж. 329 0