МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЭС САЛУ БАСТАМАСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Ғалымжан Жарқынбекұлы, Асқан Отарбеков пен Серік Мұсабай көпбейінді орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті.
Жиында атом электр станиясын салудың маңызы мен артықшылығы талқыланып, штаб мүшелері АЭС елімізге не үшін қажет екенін, энергия қуаты тапшылығы мәселесін жоюда қаншалықты тиімді екенін түсіндірді.
Өз кезегінде медицина қызметкерлері Мемелекет басшысының бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.