№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қамба дәнге, көңіл әнге толсын!

Қамба дәнге, көңіл әнге толсын!


«Шаруаның нағыз жайын егінге орақ түскенде білесің» деген бар. Иә, ерте көктемнен кетпенін арқалап, жерін тегістеп, дән сеуіп, одан соң ала жаздай дала төрінде тер төккен диқан қауымының тебіреністі сәті осы кез. Сыр беткейдегі ауылдардағы тіршілікті күнде көріп, еткен еңбек еш кетпесін деп тілеген ел көп. Неге десеңіз, жыл сайынғы су тапшылығы шаруалардан маза кетіп жүр. Басқасын айтпағанда, судың аздығы уайымның үлкені. Алайда биыл каналдар тазаланып, су қашыртқылары ерте реттеліп, әйтеуір құрғақшылықтан аман қалдық. Міне, осындай еңбек майданында жүрген қырандар Өзгент ауылында бас қосты. «Қыр-Өзгент» шаруашылығында алтын орақ әспеттеліп, аудан әкімі Мажит Самитұлы бастаған жауапты сала мамандары арнайы қатысты.


Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы саласына ел экономикасының негізгі қайнар көзі болуын міндеттеді. Әсіресе азық-түлік мәселесін оңтайлы шешуде егін саласына баса мән беріліп отырғаны жасырын емес. Яғни, субсидия мәселесі – осының айғағы. Арнайы келген өкілдер алдымен Алматы мен Шымкенттен келген өндіруші мекемелердің өнімдерімен таныс­ты. Дрондар мен химиялық қоспасы жоқ дәрілердің жеткілікті қоры әзірленіпті. Дала еңбеккерлерінің жұмысын жеңілдету үшін қазір технологияның сан түрі қолданысқа ене бастады. Сондықтан жылдан жылға егінші қауымның мол өнім алуына мүмкіндік туындап жатқанымен, басты мәселе аяқ суда болып тұр. Соған қарамастан биыл еткен еңбек еш кетпей, диқандар мол өнім ала бастады.
– Жылдан-жылға дарияның деңгейі төмендеп, аяқ су тапшылығы орын алып келеді. Осыған байланысты біздің шаруалар суды аз қажет ететін бақша өнімдерін қолға алып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мен бағаны тұрақтандыру мақсатында жаңадан жерлер дайындалып, ұжымдық егістіктерді әртараптандыруға басымдық беріліп, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 400 гектарға егілді. Мал шаруашылығына қажетті жем-шөп қорымыз да жеткілікті. Мұның барлығы дала еңбеккерлерінің қажырлы қызметінің арқасында. Сондықтан сіздерге алғыс айта отырып, істеріңізге береке тілеймін. Қамбамыз дәнге, көңіліміз әнге толсын! – деп аудан басшысы Мажит Самитов ыстық ықыласын білдірді.
Бүгінде 15 адамды жұмыспен қамтып, маусымдық кезеңде ауыл жастарына нәпақа табуға қызмет қылып жүрген шаруашылық төрағасы Самат Өсерұлының еңбегін ел біледі. Жас болса да іскер азамат жыл сайын кәсібін кеңейтіп, егін мен мал шаруасына дем беріп, даму жолында еңбек етіп келеді.
– Шаруашылықты 2015 жылы құрып, жұмыс жасап келеміз. Негізгі бағыт – егін және мал шаруашылығы. Биылғы егілетін егістіктің 90 гектары күріш, 50 гектары бидай болса, қалған 70 гектарына жоңышқа ұрығын септік. Бұйырса, жылдағыдан мол өнім алу-ға тырысамыз. Ал ауылшаруашылығы техникалары бойынша қазір астық жинайтын 2 комбайн, 2 оратын комбайн, 3 трактор «МТЗ-82», 2 дана соқа және 2 дана шөп жинақтайтын техникамыз бар. Биыл алынған тыңайтқыштардың ішінде аммиак селитрасы 55 тонна болса, алынған тұқымның «Лидер» сорты 20 тоннаны құрады, – деді төраға.
Өзгент ауылының қазыналы қариясы Тасболат ақсақал егінші қауымға жылы лебізін білдіріп, ақ батасын берді. Бата алып, сәйгүлігіне нық жайғасқан дала ерлері дән жинауға қызу кірісіп кетті.

Техника және жанар-жағар май жайы


Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 3432 тонна дизель бөлінген. Көктемгі дала жұмыстарына 346 техника дайын, 207 дана трактор, 38 соқа, 28 дән сепкіш, 52 трактор тіркемесі толығымен дайын дейді сала мамандары. Айта кететіні, биыл аграрлы сала техникалары 43,9 пайызға жаңартылған.
Ерте көктемнен кетпенін иығына асынып, алты ай бойы егін алқабымен арпалысып, еңбек ететін егінші қауым тынымсыз тірлікке түрен салды. Иә, Жер-Ананы еміп, ала жаздай маңдай терін сарп еткен диқан қауымның өнімі мол шығып, еткен еңбек ақталса игі.
Сонымен таңмен таласа тұрған диқангер қауымның бар ерік-жігері дән егіп, мол ырыс жиюға деген ұғымға тоқайласқан. Әрине, дала еңбеккерлері талмай еңбек етсе қандай межеге де қол жеткізуге болатыны анық. Жаңақорғандық шаруалар да тынымсыз еңбектің арқасында табыстың тайқазанын тасытады деген сенім мол.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
07 қыркүйек 2024 ж. 364 0