Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Дала төсіне дән тасталды

Дала төсіне дән тасталды


«Егіні біткеннің, қырманына қыдыр қонады» дейтін шаруа қауымы дала төсіне дән сеуіп, еңбек көркін қыздыра түсті. Ерте көктемнен егіс басында жүріп, ала жаздай тер төгіп, өнімнің бітік шығуына жұмылатын диқан қауымның бейнеті қашанда құрметке лайық. Жылдағы дәстүр бойынша «Дала күнін» атап өту ұйғарылып, істің басында бата беріліп, игі жақсылар ізгі тілегін білдірді. Биыл жаңақорғандықтар дала еңбеккерлерінің мерейлі мерекесін Қыркеңсе ауылындағы «Бекарыс-С» шаруа қожалығының танабында ұйымдастырды.


Серік Мырзабаев төрағалық ететін қожалықта өткен дәстүрлі семинарға қатысып, қырманның басындағы қыруар шаруаны көзбен көру үшін жолға шыққан аудан әкімі Мұрат Тілеумбетовтің жанында аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов бірге болып, дала төсінің лентасын қиды.
Алдымен қожалық төрағасы шаруа­шылығын таныстырып, биылғы жоспа­рымен бөлісті. Бүгінде 25 адамды жұмыспен қамтып, маусымдық кезеңде ауыл жастарына нәпақа табуға қызмет қылып жүрген Серік Мырзабаевтың еңбегін ел біледі. Жас болса да іскер азамат жыл сайын кәсібін кеңейтіп, егін мен мал шаруасына дем беріп, даму жолында еңбек етіп келеді.
– Шаруашылықты 2015 жылы құрып, жұмыс жасап келеміз. Негізгі бағыт – егін және мал шаруашылығы. Биылғы егілетін егістіктің 90 гектары күріш, 50 гектары бидай болса, қалған 50 гектарына жоңышқа ұрығын септік. Бұйырса, жылдағыдан мол өнім алу­ға тырысамыз. Ал ауылшаруашылығы техникалары бойынша қазір астық жинайтын 2 комбайн, 3 трактор «МТЗ-82» және 2 «К700» көлігі бар, – деді төраға.
Жалпы Қыркеңсе ауылдық округі бойынша 2500 гектар аумақ жоңышқа, 534 гектар күздік бидай суарылып, күріш дақылын 810 гектарға егу жоспарланған.
– Сыр бойы халқының негізгі тіршілік көзі ауыл шаруашылығы саласы. Оның ішінде Жаңақорған ауданы да бұл салаға бейім. Төрт түлік бойынша облыста озық ауданның егін шаруасы да ширақ. Тек су тапшылығы егіс, оның ішінде күріш көлемін көбейтуге мүмкіндік бермей тұр. Бірақ бұл өтпелі кезеңді де еңсеріп, жақсы жетістікке жетеміз деген сенімдеміз. Бұйырса, биыл да диқандардың еңбегі ақталып, өнім бітік шықсын. Ырысы мол болып, табысымыз артып, әлеуметтің әлеуеті арта түссін. Ең бастысы, судан таршылық көрмей, табысымыз артсын, – деді аудан басшысы.
Жылы лебізден кейін лента қиылып, ауыл ақсақалы бата берді. Сәйгүлігіне мінген диқан жерге дән себуге кірісті. Соңғы бекітілген сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы аудан бойынша 36 777 гектарға егiс егу межеленуде. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев баяндады.
– Қазіргі таңда аудан бойынша 26 000 гектар ақ егіс дақылдары ішінара жаңадан орналастырылып, толығымен суға бастырылды. Бүгінгі күнге негізгі дақыл күріш егістігі 650 гектарға егіліп, оның 345 гектары суға бастырылды.
Ауданда соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы дақылдарын әртарап­тандыруға басымдық беріліп келеді. Биыл да осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында дәндi дақылдар 11 767 га, майлы дақылдар 2 050 га, мал азықтық дақылдар 19 667 га, картоп, көкөнiс, бақша 3 293 гектарды құрап, негізгі дақыл күрiштің көлемін жобамен 6 600 гектарға ықшамдау жоспарлануда. Әртараптандыру дақылдары бойынша ауданда азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мен бағаны тұрақтандыру мақсатында 200 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын егу бағытында жұмыстар атқарылуда, – деді бөлім басшысы.
2022 жылдың егісі үшін шаруашылық құрылымдары бойынша 1750 тонна күріш тұқымдары дайындалып, тазаланыпты. Оның ішінде, «Маржан», «Лидер», «Ай-Керім», «Сыр Сұлуы» сорттары бар. Минералдық тыңайтқыштардың көлемі шаруашылықтар тарапынан 4010 тонна. 670 кг/л гербицид сатып алынған.

Техника және жанар-жағар май

Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына 1 272 тонна дизель отыны бөлінген. Шаруашылықтарға «Нефть-Транс Қызылорда» ЖШС 1 литр дизель отынын 200 теңгеден, ал «Жаңақорған ОiI» ЖШС 198 теңгеден арзандатылған дизель отынын сатуда. Көктемгі дала жұмыстарына 201 трактор, 82 соқа, 42 дән сепкіш, 101 трактор тіркемесі толығымен дайын дейді сала мамандары.
Ерте көктемнен кетпенін иығына асынып, алты ай бойы егін алқабымен арпалысып, еңбек ететін егінші қауым тынымсыз тірлікке ентеледі. Иә, Жер-Ананы еміп, ала жаздай маңдай терін сарп еткен диқан қауымның өнімі мол шығып, еткен еңбек ақталса игі.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
30 сәуір 2022 ж. 551 0