№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СҮТТІҚҰДЫҚ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ

СҮТТІҚҰДЫҚ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ


Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі. Сондықтан, реформалар мен бағдарламалар ауыл халқының еңсе тіктеуіне бағытталып жатады. Осы тұста, атқарылып жатқан жұмыстардың игілігін ауыл халқы қаншалықты көріп отыр? Осыны білмекке аудан әкімі Ғалым Әміреев, облыстық мәслихат депутаты Мәдіхан Бекжанов,  облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ілиясов және сала басшылары Екпінді, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық ауылына арнайы барып, өткен жылы атқарған жұмыстарды пысықтап, 2018 жылдың жоспарын талқылады.


         Тауық жылы сүттіқұдықтықтар үшін табысты, берекелі жыл болды. Елді мекен тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында округте бірнеше тындырымды тірліктер орындалды. Осы орайда, ауыл әкімі Мақсат Абдуллаев өткен жылы атқарған жұмыстарының жайын халық алдында саралады. Атқарылған жұмыстардың ішінде ауылшаруашылығы бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасымен жалпы саны 19 қожалық мемлекеттен кәсібін өркендету бағытында субсидия алған. Атап айтсақ, «Нұр береке» шаруа қожалығы аграрлық несие корпорациясынан «Іскер» бағдарламасы аясында уақ мал өсіруге несие алса, «Ақсұңқар» қожалығы  «KMF» микроқаржылық компаниясынан кәсібін дамыту үшін несие рәсімдеді. Ауылда бүгінгі таңда 75 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, қызмет етуде. Сонымен қатар, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Ә.Бектібайұлы, С.Қожанов көшелеріне тас төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілген. Ақтөбе каналы қазылып, ауылға санитарлық тазалық жасалып, шағын спорт алаңы қайта жөндеуден өткен.
         Кездесу соңында ауыл тұрғыны Сандыбай Жұмабаев учаскелік полицияның және ауыл әкімінің жұмысына оң бағасын берді. Ал, ауыл ақсақалы Әлібай Айдарбеков аудан әкімінің бастамасына алғыс білдіріп, Тайпақкөл-Қандыарал көлдер жүйесінен аяқ су алу үшін көміліп қалған жерлерді қазу, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді сұрады. Сондай-ақ, ескі мектепті, спорт үйірмесін жандандыру, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, әкімдіктің теңгеріміне берудің маңызына тоқталды. Серік Бәкірұлы болса ауыл көшелерінің жарықтануын сұрап, елді-мекеннің кіре берісіне ауылдың өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың суреттерін қайта ілуді өтінді.
19 қаңтар 2018 ж. 2 501 0