№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сапа – басты мақсат

Сапа – басты мақсат




Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшеcі Мархабат Жайымбетов Жаңақорған ауданындағы сапары Билібай елді мекенінде жалғасты. Билібай елді мекеніндегі №255 мектепте тұрғындармен кездесіп, "Мектепке жол" акциясы бойынша өткізілетін шараның куәгері болып, "Қызылқұм" ЖШС мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы берілетін сөмке мен мектепке қажетті құрал жабдықтарын 17 балаға табыстады. Сонымен қатар, №255 мектепте салынып жатқан 20 орындық асхана мен спорт зал құрылысының сапасын бақылап, жан-жақты зерделеді.
Айта кетейік, мұнда қазіргі уақытта құрылыс қарқынды әрі жұмыс жоспарға сәйкес жүруде. Жоспар бойынша «Дарын Строй Сервис» ЖШС мердігер компаниясы осы жылдың 26-қазанында құрылысты толық аяқтауы керек. Нысанның құрылысы 2024 жылдың 26 мамырынан басталып, мемлекет тарапынан атаулы құрылысқа 164 миллион қаржы бөлінген.
– Бұл – ел игілігі үшін өңірде жүргізіліп жатқан жарқын бастамалар. Енді партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту арқылы істің сапасына мән беру маңызды. Өйткені, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражат есепсіз жұмсалмауы тиіс. Жоба сметалық құжатта қаралған жұмыстардың толық және сапалы орындалуы маңызды. Біз жұмыстың барлық сатысында қадағалауды күшейтеміз. Жалпы білім ордаларының жөндеу жұмысы біткеннен кейін заманауи келбет алуы тиіс, – дегенді алға тартты мәжіліс депутаты.
Мәжіліс депутаты аталмыш нысандардың құрылыс жұмыстарын көргеннен кейін алдағы уақытта бұл жұмыстар өзінінің тікелей назарында болатындығын айтып, мердігерлерге құрылыстың ең әуелі сапасына аса мән беру керектігін айтты.
21 тамыз 2024 ж. 172 0